Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 Қаулысы
Редакция 15.08.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 9-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 29 қарашадағы
№ 790 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі
Осы Жүйе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.02.2021 жылғы № 99 Қаулысына сәйкес (29.11.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Жүйе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.04.2024 жылғы № 350 Қаулысына сәйкес (26.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Жүйе өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2024 жылғы № 1155 Қаулысымен (29.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Жүйе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 15.08.2025 жылғы № 632 Қаулысына сәйкес (31.12.2024 ж. редакцияны қараңыз)(2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады)
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі (бұдан әрі – Мемлекеттік жоспарлау жүйесі) – бұл ұзақмерзімді (5 жылдан астам) және ортамерзімді (бір жылдан бастап 5 жылды қамтитын кезеңге дейін) кезеңдерге арналған құжаттардан, қатысушылардан, процестер мен деректерді басқару қағидаттары мен элементтерінен тұратын өзара байланысты компоненттер кешені.
Мемлекеттік жоспарлау әлеуметтік-экономикалық даму, азаматтардың әл-ауқатын арттыру, елдің ұлттық қауіпсіздігін нығайту және ресурстарды оңтайлы бөлу бойынша нәтижелерге қол жеткізу және міндеттерді шешу шараларын, тәсілдерін қалыптастыру қызметін қамтиды.
2. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің негізгі қағидаттары:
1) адамға бағдарлану – мақсаттардың, міндеттер мен нәтижелер индикаторларының халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға және әл-ауқатын арттыруға бағытталуы;
2) айқындық – қолжетімділігі шектеулі ақпаратты қамтитын ережелерді қоспағанда, Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының, сондай-ақ оларды іске асыру қорытындыларының ресми интернет-ресурстарда жариялау арқылы ашықтығы және қолжетімділігі;
3) нәтижелілік (мәннің нысаннан басымдығы) – нақты және өлшемді нәтиженің оған қол жеткізу жөніндегі жұмыс нысанынан үстем болуы;
4) тиімділік – мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге және нәтижелер көрсеткіштеріне ресурстарды мейлінше аз жұмсап, заманауи технологиялық шешімдер негізінде қол жеткізу;
5) келісімділік – жүйеге қатысушылардың нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін үйлестірілген қызметі;
6) шынайылық – мақсаттар мен міндеттерді оларға белгіленген мерзімдерде қол жеткізу мүмкіндіктерін негізге алып, ортамерзімді кезеңдегі тәуекелдер мен ресурстық шектеулерді ескере отырып айқындау;
7) басқарушылық жауапкершілік – нақты басшының құзыреттер саласына кіретін шешімдерді қабылдау мен мәселелерді келісуді жоғары тұрған деңгейге және алқалы органдарға, оның ішінде нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізбеу тәуекелі болған кезде беруге жол берілмейтіні;
Полная версия
ИС BestProfi