1. "2002-2010 жылдарға арналған Ауыз су салалық бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 93 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 4, 22-құжат) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 93 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 қазандағы N 956 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1) тақырып және 1 пункт өзгеріссіз қалдырылсын;
2) 2-тармақтағы, "Қаржы министрлігі" деген сөздер "Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 4-тармақтағы, "Табиғат ресурстарын және қоршаған ортаны қорғау министрлігіне" деген сөздер "Ауыл шаруашылығы министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген 2002-2010 жылдарға арналған Ауыз су салалық бағдарламасында:
мемлекеттік тілдегі мәтіндегі тақырып өзгеріссіз қалдырылсын;
мынандай мазмұндағы "Бағдарламаның мазмұны" деген бөліммен толықтырылсын:
"Бағдарламаның мазмұны
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кіріспе
3. Қазақстандағы ауыз су ресурстарын пайдаланудың қазіргі-жай күйіне талдау
4. Бағдарламаның мақсаты мен негізгі міндеттері
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі
5.1. Қолданыстағы сумен жабдықтау жүйелерін пайдалану ахуалында ұстап тұру үшін оларды қалпына келтіру және жетілдіру
5.2. Сумен нашар қамтылған аймақтарды кепілді сапалы ауыз сумен қажетті көлемде қамтамасыз ету үшін жаңа сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысын салуды жалғастыру
5.3. Ауыз сумен жабдықтау жүйелерін республикалық және коммуналдық меншікке бөлу
5.4. Құрылысы аяқталған ауыз сумен жабдықтау жүйелерін пайдалану жөнінде ұйымдар құру және оларды материалдық-техникалық жарақтандыру
5.5. Сумен жабдықтаудың жаңа көздерін игеру және балама көздерін дамыту
Полная версия