1. Қоса беріліп отырған 2002-2010 жылдарға арналған "Ауыз су" салалық бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2002-2010 жылдарға арналған "Ауыз су" салалық бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтар N 93 Қаулысы
#$Тақырып және 1-тармақ өзгеріссіз қалдырылды - ҚР Үкіметінің 16.10.2007 № 956 Қаулысымен.
Редакция 30.12.2009 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Елдiң халқын қажеттi мөлшерде және кепілдiктi сапасында ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету, азаматтардың денсаулығы жай-күйiн жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
2. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi республикалық және жергiлiктi бюджеттердi қалыптастыру кезiнде Бағдарламаны iске асыру үшiн қаражат көздесiн.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.10.2007 № 956 Қаулысымен. (22.08.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Министрлiктер мен ведомстволар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Бағдарламада көзделген iс-шаралардың тиiсiнше және уақытылы орындалуын қамтамасыз етсiн.
4. Бағдарламаның орындалуын қамтамасыз етудi бақылау мен үйлестiру Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелсiн.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.10.2007 № 956 Қаулысымен. (22.08.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 93 қаулысымен бекітілген
2002-2010 жылдарға арналған салалық "Ауыз су" бағдарламасы
#$Мәтіндегі тақырып өзгеріссіз қалдырылды - ҚР Үкіметінің 16.10.2007 № 956 Қаулысымен.
Астана 2002 ж.
Бағдарламаның мазмұны
Мазмұнмен толықтырылды ҚР Үкіметінің 16.10.2007 № 956 Қаулысымен.
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кіріспе
3. Қазақстандағы ауыз су ресурстарын пайдаланудың қазіргі-жай күйіне талдау
4. Бағдарламаның мақсаты мен негізгі міндеттері
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі
5.1. Қолданыстағы сумен жабдықтау жүйелерін пайдалану ахуалында ұстап тұру үшін оларды қалпына келтіру және жетілдіру
Полная версия