Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.12.2009
Халықты жұқпалы ауруларға қарсы вакциналауды жақсарту жөнiндегi шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 мамырдағы N 488 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 30.12.2009 № 2295 Қаулысымен (22.01.2008 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз)
Редакция 22.01.2008 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөнiндегi бiрiншi кезектi шаралар туралы" 1998 жылғы 18 мамырдағы N 3956 Жарлығын және "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Заңын одан әрi iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.01.2008. № 40 Қаулысымен. (09.12.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
1) оларға қарсы алдын ала егулер жүргiзiлетiн жұқпалы және паразиттiк аурулардың тiзбесi; 
2) жоспарлы алдын ала егiлуге тиiс халықтың топтары; 
3) алдын ала егулер жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi: 
1) алдын ала егулер жүргiзу тәртiбi мен мерзiмдерiне сәйкес халықты вакциналауды; 
2) медициналық мекемелерi жоқ елдi мекендерде тұратын халықты вакциналау мақсатында жылжымалы егу бригадаларының жұмыс iстеуiн; 
3) 14 жасқа дейінгі балаларды егу паспорттарымен қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
 Yкiметiнің
 2003 жылғы 23 мамырдағы
 N 488 қаулысымен
 бекiтiлген
Оларға қарсы алдын ала егулер жүргізiлетiн жұқпалы және паразиттiк аурулардың тiзбесi
1. Мынадай жұқпалы ауруларға қарсы вакциналау республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүргiзiледi: 
"В" вирусты гепатитi         көктемгi-жазғы кене энцефалитi         дифтерия         көкжөтел         қызылша         полиомиелит         сiреспе         туберкулез         оба         эпидемиялық паротит         b типті гемофилдік жұқпа 
2. Мынадай жұқпалы ауруларға қарсы вакциналау жергiлiктi бюджеттердің қаражатты есебiнен жүргiзiледi: 
"А" вирусты гепатитi         тұмау         күйдiргi         туляремия         қызамық; 
Қазақстан Республикасы
 Yкiметiнiң
 2003 жылғы 23 мамырдағы
 N 488 қаулысымен
 бекiтілген
Жоспарлы алдын ала егiлуге тиiс адамдардың топтары
Жұқпалы ауруларға қарсы вакциналауға мынадай халық топтары жатады: 
1) алдын ала егулер жүргiзу тәртiбi мен мерзiмдерiне сәйкес жасы бойынша (туберкулез, iш сүзегi, көкжөтел, қызылша, полиомиелит, сiреспе, эпидемиялық паротит, "В" вирусты гепатитi), қызамық, b типті гемофилдік жұқпа; 
2) аса қауiптi жұқпалы аурулардың (көктемгi-жазғы кене энцефалитi, күйдiргi, туляремия, оба) табиғи ошақтарында тұратын және жұмыс iстейтiн халық; 
3) өзiнiң кәсiби қызметiнiң түрi бойынша қатер топтарына жататын адамдар, соның iшiнде: 
медицина қызметкерлерi ("В" вирусты гепатитi, тұмау); 
кәрiз және тазалау құрылыстарының қызметкерлерi (iш сүзегi); 
4) өз денсаулығының жағдайы мен эпидемиологиялық айғақтар бойынша қатер топтарға жататын адамдар: 
қанын алмастырғандар ("В" вирусты гепатитi); 
иммунитетi әлсiреген (жиi ауыратын және әлсiреген балалар), балалар үйлерiнiң, сәбилер үйлерiнiң балалары, қарттар үйлерiнiң контингенттерi (тұмау); 
кез келген жануар тiстегендер, түкiргендер (құтырма); 
терi қабаттары мен шырышты қабықтарының тұтастығы бұзылуынан жарақаттанғандар жараланғандар (сiреспе); 
5) эпидемиологиялық айғақтар бойынша "A" вирусты гепатитiне қарсы балаларды вакциналау аурушаңдығы жоғары өңiрлерде жүргiзiледi ("A" вирусты гепатитi).
1) тармақша толықтырылды ҚР Үкіметінің 09.12.2003. № 1250, өзгертілді - 22.01.2008. № 40 Қаулыларымен. (23.05.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы
 Yкiметiнiң
 2003 жылғы 23 мамырдағы
 N 488 қаулысымен
 бекiтiлген
1. Халықты алдын ала егудi медициналық қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиясы болған кезде меншiк нысанына қарамастан, заңды тұлғалар жүргiзедi. 
2. Халықты вакциналау қосымшаға сәйкес мерзiмдерде жүргізіледi. 
3. Егулердi жүргiзуге рұқсаты бар жоғары және орта медициналық бiлiмдi адамдарға алдын ала егулердi жүргiзуге рұқсат етiледi. Рұқсатты жыл сайын арнайы құрылған комиссия бередi. 
4. Егулердi ұйымдастыру, алдын ала егулердi жүргiзетiн мамандарды даярлау үшiн жауапкершiлiк егулердi жүзеге асыратын медициналық ұйымдардың басшыларына жүктеледi. 
5. Егулер арнайы жабдықталған егу кабинетiнде жүргiзiледi. Үйде және егуге уақытша жабдықталған үй-жайларда егулердi жүргiзуге ерекше жағдайларда - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы бұйрығымен рұқсат етіледi. 
6. Елдi мекенде иммундауды жүргiзу үшiн жағдай болмағанда (медициналық ұйымның, медицина қызметкерінің немесе вакциналарды сақтау үшiн жағдайдың болмауы) егулердi жылжымалы егу бригадасы жүргiзедi. Жылжымалы бригадалардың жұмыс iстеу peжимiн аумақтық денсаулық сақтау органдары айқындайды. 
7. Халықты вакциналау үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен тiркелген препараттарды пайдалануға рұқсат етiледi. 
8. Вакциналар мен басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттарды сақтау, тасымалдау және қолдану Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтiк құқықтық кесiмдерiнің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. 
9. Халықты вакциналау үшiн бiр реттік шприцтер ғана пайдаланылады. 
10. Егулердi жүргiзу алдында егiлетiн адамның медициналық құжатына егуге рұқсатты ресiмдей отырып, егiлетiн адамды міндеттi түрде дәрiгер, ал ол болмаған кезде - фельдшер қарайды. Дәрiгер немесе фельдшер қараған кезде егiлетiндермен немесе балалардың ата-аналарымен вакцинаға әдеттен тыс әсер пайда болған жағдайда медициналық көмекке жүгіну қажеттігі туралы түсiндiру жұмысын жүргiзедi. 
11. Егулердi жүргiзу алдында медицина қызметкерi вакцинаның сапасын, оның таңбалануын, ампуланың (сауыттың) бүтіндігін, вакцинаның ерiтiндiге және препаратқа қоса берiлген нұсқаулыққа сәйкестiгiн мұқият тексередi. 
12. Егiлген адамдар егiлгеннен кейінгі әсерлер пайда болған жағдайда шаралар қабылдау үшiн өздерi егу алған медициналық ұйымда 30 минут бойы қадағалауда болуға тиiс. Вакциналауды жылжымалы егу бригадасы жүргiзген жағдайда, егiлген адамдар егудi жүргiзген медицина қызметкерінің қадағалауында болуға тиiс.
Алдын ала егулерді жүргізу ережесіне қосымша
Алдын ала егулерді жүргізу мерзімдері
Қосымша жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 22.01.2008. (09.12.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
 
Егілетіндер
жасы мен
контингенті
Оларға қарсы алдын ала жүргізілетін жұқпалы аурулар
Ту-
бер-
кулез (БЦЖ)
Поли-
омие-
лит (ОПВ)

"В"
Вирус-
ты ге-
патиті
Көкжө-
тел,
дифте-
рия,
сірес-
пе
(АКДС)

b тип-
ті ге-
мофи-
льдік
жұқпа
(Hib)
Дифте-
рия, сірес-
пе
(АДС)
Дифте-
рия (АД-М)
Дифте-
рия, сірес-
пе (АДС-
М)

Қызыл-
ша,
қыза-
мық,
паро-
тит
(ККП)
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
1) жасы
бойынша









1-4 күн +
+





2 ай
+ + + +



3 ай
+
+ +



4 ай
+ + + +



12-15 ай
+





+
18 ай


+ +



6 жас (1
сынып)
+



+

+
12 жас





+

15 жас








16 жас






+
әрбір 10 жылдан
кейін







+
жа-
сына
қа-
ра-
мас-
тан
2) аса
қауіпті
жұқпалы
аурулар-
дың та-
биғи
ошақ-
та-
рында
тұратын
және жұ-
мыс іс-
тейтін
халық









3) өзі-
нің
кәсіби
қызметі
бойынша
қатер
топтары-
на жата-
тын
адамдар,
соның
ішінде:









медицина
қызмет-
керлері


+





кәріз
және
тазалау
құрылыс-
тарының
қызмет-
керлері









4) өз
денсау-
лығының
жағдайы
ммен
эпидемио
-логия-
лық ай-
ғақтар
бойынша
қатер
топтары-
на жата-
тын адам
-дар,
соның
ішінде:









қан
құйыл-
ғандар


+





иммуни-
теті әл-
сіреген-
дер









кез кел-
ген жан-
уар тіс-
тегендер
, сіле-
кейін
қалдыр-
ғандар









тері қа-
баттары
мен шы-
рышты
қабықта-
тары тұ-
тастығы-
ның бұ-
зылуымен
жарақат-
танған-
дар, жа-
раланған
-дар







+
5) эпи-
демиоло-
гиялық
айғақтар
бойынша









(кестенің жалғасы)
 
Егілетін-
дер жасы
мен
контин-
генті
Оларға қарсы алдын ала жүргізілетін жұқпалы аурулар
Қыза-
мақ
Көк-
темгі-
жазғы
кене
энце-
фалиті
Оба Күй-
діргі
Туля-
ремия
Іш
сүзегі
Құтыр-
ма

"А"
вирус-
ты ге-
патиті
Тұмау
1 11 12 13 14 15 16 17 18 19
1) жасы
бойынша









1-4 ай








2 ай








3 ай








4 ай








12-15 ай








18 ай








6 жас (1 сынып)








12 жас








15 жас +







16 жас








әрбір 10 жылдан
кейні









жа-
сына
қа-
ра-
мас-
тан
2 )аса
қауіпті
жұқпалы
аурулар-
дың та-
биғи
ошақта-
рында
тұратын
және жұ-
мыс іс-
тейтін
халық

+ + + +



3) өзі-
нің
кәсіби
қызметі
бойынша
қатер
топтары-
на жата-
тын
адамдар,
соның
ішінде:









медицина
қызмет-
керлері








+
кәріз
және
тазалау
құрылыс-
тарының
қызмет-
керлері





+


4) өз
ден-
сау-
лығы-
ның
жағ-
дайы
мен
эпи-
деми-
оло-
гия-
лық ай-
ғақ-
тар
бойынша
қатер
топ-
тары-
на жата-
тын адам
-дар,
соның
ішінде:









қан
құйыл-
ғандар









имму-
ни-
теті әлсі-
ре-
ген-
дер








+
кез кел-
ген жан-
уар тіс-
те-
ген-
дер,
сіле-
кейін
қал-
дыр-
ғандар






+

тері қа-
бат-
тары
мен шы-
рышты
қабық-
та-
тары тұ-
тас-
тығы-
ның бұ-
зылу-
ымен
жара-
қат-
танған-дар, жара-
лан-
ған-
-дар









5) эпи-
демио-
ло-
гия-
лық
айғақ-
тар
бойынша







+
Полная версия
ИС BestProfi