Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 27.08.2015
"Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 28 маусымдағы № 726 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 шілдедегі № 1002 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 27 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 624 Қаулысына сәйкес
1. «Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 28 маусымдағы № 726 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 44, 582-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«3. Экипаждың ең аз құрамына мынадай лауазымдар кіреді, олардың саны осы талаптарға 1-қосымшаға сәйкес кеме экипаждарының ең аз құрамының нормативіне сәйкес белгіленеді:
1) капитан;
2) капитанның аға көмекшісі;
3) капитанның вахталық көмекшісі;
4) аға механик;
5) екінші механик;
6) вахта механигі;
7) электромеханик;
8) қатардағы құрам;
9) кеме аспазы.»;
7-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Аut» нышаны жоқ, қызмет көрсететiн бiр немесе екi құрылғылар мен жүйелер бойынша автоматтандыру талаптарын қанағаттандырмайтын кемелерде кеме экипажының құрамы қатардағы құрамның бір мүшесіне ұлғайтылады.»;
«Сыртқы беті. Оборотная сторона. Back» деген бөлімде:
кесте мынадай редакцияда жазылсын:
«
Лауазымы/шені Должность/звание Grade/capacity | Диплом (ПДМНВ конвенциясының қағидасы) Диплом (Правило Конвенции ПДМНВ) Certificate (STCW regulation) | Тұлғалардың саны Число лиц Number of persons |
Капитан Капитан Master | ||
Капитанның аға көмекшісі Старший помощник капитана Chief mate | ||
Вахта капитанының көмекшісі Вахтенный помощник капитана Rotation captain mate | ||
Аға механик Старший механик Chief engineer | ||
Екінші механик Второй механик Second engineer | ||
Вахта механигі Вахтенный механик Watch mechanic | ||
Электромеханик Электромеханик Electric engineer | ||
Қатардағы құрам Рядовой состав Rank and file | ||
Кеме аспазы Судовой повар Ship’s cook | ||
».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 шілдедегі № 1002 қаулысына қосымшасы
Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарға 1-қосымша
Кеме экипажының ең аз құрамының нормативтері
Кеме экипажының кәсіптік құрамы | Жалпы сыйымдылығы 500 тіркелімдік тоннаға дейін | Жалпы сыйымдылығы 500 бастап 3000 тіркелімдік тоннаға дейін | Жалпы сыйымдылығы 3000 тіркелімдік тоннадан артық | Порттық кемелер және аз салмақты кемелер (200 тіркелімдік тоннадан аз) | |||||||||
«Аut» белгісі бар кемелер | «Аut» белгісі жоқ кемелер | «Аut» белгісі бар кемелер | «Аut» белгісі жоқ кемелер | «Аut» белгісі бар кемелер | «Аut» белгісі жоқ кемелер | Портта, рейдтік және 20 миль қашықтықта орналасқан панадан жағалау жүзу | |||||||
Жағалаудағы жүзу | Жағалаудағы жүзу | Шектелмеген жүзу ауданымен | Жағалаудағы жүзу | Шектелмеген жүзу ауданымен | Жағалаудағы жүзу | Шектелмеген жүзу ауданымен | Жағалаудағы жүзу | ||||||
3 ауысымдық | 2 ауысымдық | 3 ауысымдық | 2 ауысымдық | 3 ауысымдық | 3 ауысымдық | 2 ауысымдық | 3 ауысымдық | 3 ауысымдық | 2 ауысымдық | 3 ауысымдық | 3 ауысымдық | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
Капитан | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Капитанның аға көмекшісі | - | - | 1 | - | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | - |
Капитанының вахталық көмекшісі | 2 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | - | 1 | 1 | - | 2 | 2 | - |
Аға механик | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | - |
Екінші механик | 1 | - | 1 | - | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | |
Вахта механигі | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Электромеханик | - | - | - | - | 1 | - | - | 1 | - | - | 1 | 1 | - |
Қатардағы құрам | 3 | 2 | 3 | 2 | 2 | 2 | 2 | 3 | 3 | 2 | 3 | 4 | 1 |
Кеме аспазы | - | - | - | - | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | - |
Барлығы | 9 | 6 | 9 | 6 | 10 | 9 | 8 | 11 | 10 | 8 | 12 | 13 | 3 |
Ескертпе. Кеме тіркелімінің Аut белгісі бар немесе экипаждың аз құрамында басқа сыныптау қоғамының автоматтау көлемі бойынша ұқсас белгісі бар кемелерде бір механик көзделеді.
Адамдарды жедел эвакуациялауға арналған кемелерде, кеме экипажының ең аз құрамында капитан және бір механик көзделеді.
Полная версия