Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.11.2010
Жолаушылар, теңдеме жүк, жүк және почтаны тасымалдау жөнiнде қызмет көрсету үшiн авиабағыттарға конкурс өткiзу және куәлiктер беру ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 3 сәуір N 401
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 19.11.2010 № 1221 Қаулысымен (02.02.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Редакция 02.02.2010 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Жолаушылар, теңдеме жүк, жүк және почтаны тасымалдау жөнiнде қызмет көрсету үшiн тұрақты халықаралық және iшкi авиабағыттарда бәсекелестiктi одан әрi дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берілiп отырған Жолаушылар, теңдеме жүк, жүк және почтаны тасымалдау жөнінде қызмет көрсету үшiн авиабағыттарға конкурс өткiзу және куәлiктер беру ережесi бекiтiлсiн.
2. "Iшкi және халықаралық авиажелілерiнде жолаушыларды, багажды және жүктердi тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуге арналған жүйелi авиарейстердi орындау құқығына ашық тендерлер өткiзудің тәртiбi туралы уақытша ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1997 жылғы 8 тамыздағы N 1239 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
 Yкiметiнің
 2002 жылғы 3 сәуірдегi
 N 401 қаулысымен
 бекiтiлген
Жолаушылар, теңдеме жүк, жүк және почтаны тасымалдау жөнiнде
 қызмет көрсету үшiн авиабағыттарға конкурс өткiзу және
 куәлiктер беру ережесi
1. Жолаушылар, теңдеме жүк, жүк және почтаны тасымалдау жөнiнде қызмет көрсету үшiн авиабағыттарға конкурс өткiзу және куәлiктер беру ережесi (бұдан әрi - Ереже): 
белгiлi бiр авиабағытта жолаушылар, теңдеме жүк, жүк және почтаны тасымалдау жөнiнде тұрақты авиарейстердi орындау құқығына авиакомпаниялар үшiн конкурс ұйымдастыру тәртiбiн, өткiзу шарттары мен мерзiмдерiн; 
авиабағыттарға арналған куәлiктi берудiң және қайтарудың тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi.
2. Конкурс қаржылық негiздеме ұсынатын әрi әуе кемелерiн резервке қою және техникалық сүйемелдеу жөнiндегi қажеттi талаптардың орындалуын, жолаушылар үшiн тиiстi сервис деңгейiмен қауiпсiз тасымалдау шарттарын және белгiлi бiр авиабағытта тұтынушылар үшiн тиiмдi жағдайды қамтамасыз ете алатын авиакомпанияны анықтау мақсатында өткiзiледi. 
Конкурстық комиссияның қорытындысы бойынша қызметiнiң қаржылық нәтижелерi, әуе кемелерi паркiнің болуы және ұшу қауiпсiздiгi жай-күйi туралы берiлген құжаттардың, сондай-ақ ол ұсынған конкурстық ұсыныстардың негiзiнде белгiлi бiр бағытта тұтынушылар үшiн қауiпсiз және тиiмдi шарттармен тұрақты рейстердiң орындалуын қамтамасыз ете алатын авиакомпания конкурсты ұтты деп танылады.
3. Конкурсты өткiзудiң бастамашысы (ұйымдастырушысы) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнің Азаматтық авиация комитетi (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) болады.
4. Конкурсқа осы Ережемен белгiленген талаптарға сәйкес келетiн авиакомпания қатыса алады.
5. Конкурсқа жекелеген авиабағыттар да, авиабағыттардың пакеттерi де ұсынылуы мүмкiн.
6. Конкурс жеңiмпазы (жеңімпаздары) авиабағыттарды пайдалануға арналған куәлiк алады.
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.01.2004 № 12 қаулысымен. (22.01.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
Полная версия
ИС BestProfi