Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 16.11.2017
Концессияға беруге жатпайтын объектiлердiң тiзбесi туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 наурыздағы N 294 Жарлығы
Осы Жарлық күшін жойды 2017 жылғы 16 қарашадан бастап ҚР Президентінің 14.11.2017 жылғы № 583 Жарлығына сәйкес
Редакция 25.07.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi Заңының 4-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қоса берілiп отырған, концессияға беруге жатпайтын объектiлердiң тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Президентi
Қазақстан Республикасы
 Президентiнiң
 2007 жылғы 5 наурыздағы
 N 294 Жарлығымен
 БЕКIТIЛГЕН
Концессияға беруге жатпайтын объектiлердiң тiзбесi
1. Жер, су (концессия шартын iске асыру мақсатында жер пайдалану құқығын берудi қоспағанда), өсiмдiк әлемi және жануарлар дүниесi.
3. Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгін қамтамасыз ету үшiн қажеттi штаттық мүлiк, әскери-техникалық мақсаттағы ұйымдар мен объектiлер.
4. Магистральды темiр жол желiсі, кеме қатынасы су жолдары, шамшырақтар, кеме қатынасы қауiпсiздiгiн реттейтiн және оған кепiлдiк беретiн құрылғылар мен навигациялық белгiлер.
5. Мына қалаларды сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін су шаруашылығы құрылыстарын (су тарту құрылыстары, сорғы станциялары, тазартқыш су құбыры құрылыстары) қоспағанда, ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары (бөгеттер, гидротораптар, басқа да гидротехникалық құрылыстар):
5-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 25.07.2014 жылғы № 866 Жарлығымен (28.06.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.07.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6. Қан қызметі, АИТВ/ЖИТС профилактикасы, апаттар медицинасын ұйымдастыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары.
6-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 28.06.2012 жылғы № 348 Жарлығымен (05.03.2007 ж. редакцияны қараңыз)
7. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
7-тармақ алынып тасталды ҚР Президентінің 28.06.2012 жылғы № 348 Жарлығымен (05.03.2007 ж. редакцияны қараңыз)
8. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
8-тармақ алынып тасталды ҚР Президентінің 28.06.2012 жылғы № 348 Жарлығымен (05.03.2007 ж. редакцияны қараңыз)
9. Мемлекеттiң қорғауындағы тарихи және мәдени мұра объектiлерi.
Полная версия
ИС BestProfi