Близость слов: Окончание:





Концессиялар туралы
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 167-III Заңы
Құжат мәтініндегі «экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган», «экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға», «Экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган», «экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен»  сөздері «мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган», «мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға», «Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган», «мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен» сөздерімен ауыстырылды ҚР 02.04.2010 № 263-IV Заңымен (29.12.2009  жылғы редакцияны қараңыз) (01.01.2010 бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
Құжат мәтініндегі «ықтимал концессионерлердің», «ықтимал концессионерлерге», «ықтимал концессионердiң», «ықтимал концессионерлер», «ықтимал концессионерлермен», «Ықтимал концессионер», «ықтимал концессионер», «Ықтимал концессионерге», «ықтимал концессионерге»  сөздері «әлеуетті концессионерлердің», «әлеуетті концессионерлерге», «әлеуетті концессионердiң», «әлеуетті концессионерлер», «әлеуетті концессионерлермен», «Әлеуетті концессионер», «әлеуетті концессионер», «Әлеуетті концессионерге», «әлеуетті концессионерге» сөздерімен ауыстырылды ҚР 04.07.2013  жылғы № 131-V Заңымен (03.07.2013  ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Редакция 01.05.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң концессияның құқықтық жағдайларын, концессионерді мемлекеттік қолдау түрлерін айқындайды және концессия шарттарын жасасу, орындау және тоқтату процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.
Кіріспе өзгертілді ҚР 05.07.2008 жылғы №66-IV Заңымен (07.07.2006 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 05.07.2008 жылғы № 66-IV Заңымен (07.07.2006 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1-бап өзгертілді ҚР 02.04.2010 № 263-IV Заңымен(29.12.2009  жылғы редакцияны қараңыз) (01.01.2010 бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
1-бап өзгертілді  ҚР 06.01.2011 жылғы № 378-IVЗаңымен (02.04.20010  ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1-бап өзгертілді ҚР 24.11.2011  жылғы № 495-IV Заңымен (06.11.2011 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1-бап өзгертілді  ҚР 04.07.2013  жылғы № 131-V Заңымен (03.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган – бюджеттi атқару, республикалық бюджеттiң және өз құзыретi шегiнде жергiлiктi бюджеттердiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң есебi негiзiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының атқарылуы бойынша бухгалтерлiк есепке алуды, бюджеттiк есепке алу мен бюджеттiк есептiлiктi жүргiзу саласында басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
1-1) бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган – бюджеттік жоспарлау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) әлеуметтік инфрақұрылым мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілері – қамтамасыз етілуі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарға жүктелген, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін пайдаланылатын объектілер, объектілер кешендері;
3) жекешелік концессиялық міндеттемелер – жасалған концессия шарты бойынша концессионер қабылдаған міндеттемелер;
3-1) инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шот – кредитор ақшалай талапты өзгеге беріп қаржыландыру шартында және (немесе) концессия шартында айқындалған талаптар басталғанға немесе оларды концессионер орындағанға дейін сол бойынша шығыс операцияларын жасау құқығын шектей отырып, оған ашатын банктік шот;
1-бап 3-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 04.07.2018 жылғы № 171-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4) концедент – Қазақстан Республикасының немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан әрекет ететін, осы Заңға сәйкес концессия шартын жасасатын Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше мемлекеттік органы не осы Заңға сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыс немесе республикалық маңызы бар қала немесе астана) атынан концессия шартын жасасатын Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органы;
4-тармақша өзгертілді ҚР 02.07.2014 жылғы № 225-V Заңымен (12.06.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.07.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.11.2017 жылғы № 112 Заңына сәйкес (03.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.12.2017 жылы № 235 (28614) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (07.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 17 желтоқсаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады)
5) концессионер – концессия шартын жасасқан, оның ішінде өз қызметін бірлескен қызмет (жай серіктестік) туралы шарт негізінде жүзеге асыратын, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға және (немесе) мемлекеттік мекемелерді және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тікелей немесе жанама түрде тиесілі (концессиялық жобаларды қаржыландыру жөніндегі ұйымдардан басқа) болатын квазимемлекеттік сектор субъектілерін қоспағанда, заңды тұлға;
5-тармақша өзгертілді ҚР 12.06.2014 жылғы № 209-V Заңымен (03.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.06.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 31.10.2015 жылғы № 380-V Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.11.2015 жылы № 217 (28695) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6) концессия – концессия объектілерін құруға (реконструкциялауға) және пайдалануға бағытталған, концессионердiң қаражаты есебiнен немесе концеденттiң қоса қаржыландыруы шарттарымен жүзеге асырылатын қызмет;
7) концессия жөніндегі конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы (бұдан әрі – конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы) – концессионер таңдау жөніндегі конкурстарды (аукциондарды) өткізуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (07.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) концессиялық жоба – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және осы Заңға сәйкес шектеулі уақыт кезеңі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипаттағы концессияны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жиынтығы. Концессиялық жобалар тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ерекше маңызы бар концессиялық жобалар санатына жатқызылуы мүмкін.
8-тармақша өзгертілді ҚР 03.12.2013 жылғы № 150-V Заңымен (04.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2014 жылдан бастап)
8-тармақша өзгертілді ҚР 02.07.2014 жылғы № 225-V Заңымен (12.06.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.07.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
8-тармақша өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (02.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Концессиялық жобаларды ерекше маңызы бар концессиялық жобалар санатына жатқызу критерийлерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
8-1) концессиялық жоба бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысы – концессия объектісі пайдалануға берілгеннен кейін концессия шартына сәйкес инвестициялық шығындардың белгілі бір көлемін кемінде бес жылды құрайтын мерзім ішінде теңдей үлестермен өтеуге бюджет қаражаты есебінен бағытталған ақшалай төлемдер. Бұл ретте концессия шартында белгіленген инвестициялық шығындардың өтемақысын төлеу мерзімдерін ерте кезеңдерге ауыстыруға тыйым салынады;
1-бап 8-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (өзгерту 16.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9) концессиялық жобаларды консультативтік қолдап отыру – концессиялық жобаларды қолдап отыру бойынша заңды тұлғалар көрсететін, конкурстық (аукциондық) құжаттаманы, концессия шарттарының жобаларын әзірлеуді және (немесе) түзетуді, комиссияның конкурсқа (аукционға) қатысушымен келіссөз процесінде консультациялық қызметтер көрсетуді қамтитын көрсетілетін қызметтер;
9-тармақша өзгертілді ҚР 03.12.2013 жылғы № 150-V Заңымен (04.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2014 жылдан бастап)
9-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.11.2017 жылғы № 112 Заңына сәйкес (03.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.12.2017 жылы № 235 (28614) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
9-тармақша өзгертілді ҚР 29.06.2020 жылғы № 352-VI Заңымен (26.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (07.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 03.01.2022 жылғы № 101-VII Заңына сәйкес (27.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10) концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру – концессия объектілерін құруға (реконструкциялауға) арналған шығындардың белгілі бір көлемін қаржыландыру үшін бюджет қаражатын бөлу;
Полная версия
ИС BestProfi