Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.12.2008
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы N 1586 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 тамыздағы N 792 Қаулысы
Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.12.2008. № 1325 Қаулысымен (21.08.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
"Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу үшін алым ставкаларын, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы N 1586  қаулысына  (Қазақстан Республикасы ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 45-46, 538-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспедегі "1997 жылғы 19 маусымдағы" деген сөздер "2006 жылғы 31 қаңтардағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанында: 
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Мекен-жайы" деген жол алынып тасталсын.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi