"Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әкімшілік қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметін одан әрі жетілдіру, оның рецидивтік қылмысқа қарсы күрестегі тиімділігін арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 23.03.2026
Әкімшілік қадағалаудағы адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 11 ақпандағы № 97 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 23 наурызда тіркелді. Тіркеу N 3505
Осы Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 21.06.2016 жылғы № 660 Бұйрығына сәйкес (02.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Осы Бұйрық 2026 жылғы 23 наурыздан бастап күшін жойды ҚР Ішкі істер министрінің 05.03.2026 жылғы № 163 Бұйрығына сәйкес
Редакция 17.10.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Әкімшілік қадағалаудағы адамдарды есепке алу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 01.10.2025 жылғы № 742 Бұйрығына сәйкес (08.08.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, Көліктегі полиция департаменттерінің бастықтары:
2-тармақ өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 28.11.2014 жылғы № 852 Бұйрығымен (11.02.2005 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап) 2-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 16.07.2018 жылғы № 517 Бұйрығына сәйкес (25.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) сынақтар қабылдай отырып, әкімшілік полиция, криминалдық полиция, ақпараттық-аналитикалық орталықтар бөлімшелері жеке құрамының осы Ережені әскери және қызметтік даярлық жүйесінде зерделеуін;
ішкі істер органдарының әкімшілік полиция, криминалдық полиция және ақпараттық-аналитикалық орталықтар бөлімшелерінің арасында әр тоқсан сайын әкімшілік қадағалау орнатылған адамдардың есебін салыстыра тексеруді, сондай-ақ жедел кеңестерде қарай отырып, рецидивтік қылмысқа қарсы күрес жөніндегі жұмыстың жай-күйі мен нәтижелерін талдауды ұйымдастырсын;
2) әкімшілік қадағалауда тұратын және соттылық белгілері бойынша «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) қолданысына түсетін адамдардың тарапынан қадағалау ережелері мен белгіленген шектеулерді бұзуды анықтау мақсатында қоғамдық тәртіпті қорғауға түсетін патрульдік жасақшаларының олардың тізімімен;
соттылық белгілері бойынша Заңның қолданысына түсетін адамдарға қажетті есепке алу материалдарын ашу, оларды ашудың негізділігіне, толықтығына және профилактикалық жұмыстың нәтижелеріне комиссиялық тексеруді жүзеге асыруды;
ойластырылып, дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы ақпаратты уақтылы алу, әкімшілік қадағалауда тұрған және соттылық белгілері бойынша Заңның қолданысына түсетін адамдардың қылмыстық әрекетінің алдын алу және жолын кесу, әкімшілік қадағалаудан жалтарып жүрген адамдарды іздестіру мақсатында оларға бақылау жүргізуде жедел-іздестіру мүмкіндіктерін белсенді пайдалануды;
әкімшілік қадағалау орнатылуы мүмкін адамдарға қатысты ақпарат алу мақсатында олардың мінез-құлқы мен өмір салты туралы жедел хабардар болуды арттыру жөніндегі қосымша шараларды әзірлеу және жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарымен өзара іс-қимыл жасасуды;
әкімшілік қадағалауда тұрған адамдар қасақана жасаған қылмыстың әрбір фактісі бойынша анықталған кемшіліктерді жою және қадағаланушылармен жүргізілетін жеке профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру жөнінде шаралар қабылдай отырып, қызметтік тексеру жүргізуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақпараттық-аналитикалық орталығы (Р.Н. Закаргаева) әкімшілік қадағалауда тұрған және соттылық белгілері бойынша Заңның қолданысына түсетін адамдарды орталықтандырылған есепке алуды қамтамасыз етсін.
3-тармақ өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 28.11.2014 жылғы № 852 Бұйрығымен (11.02.2005 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті (Ыбраев Б.Ә.) қосымшаларға сәйкес құжаттама бланкілерін дайындауды қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) жүктелсін.
5-тармақ өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 28.11.2014 жылғы № 852 Бұйрығымен (11.02.2005 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
6. "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға әкімшілік қадағалау орнату және оны жүзеге асыру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 4 тамыздағы N 436 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1270 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2001 жыл, N 3) күші жойылды деп есептелсін.
7. Осы бұйрық рәсми түрде жариялаған күнінен бастап қолданысқа енеді.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
КЕЛІСІЛГЕН
Қазақстан Республикасының
Полная версия

