Близость слов: Окончание:





Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкiмшiлiк қадағалау туралы
Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi N 28 Заңы
Құжат мәтініндегі "еңбекпен түзеу мекемелерінің", "еңбекпен түзеу мекемесінен", "еңбекпен түзеу мекемесі", "еңбекпен түзеу мекемесінің" сөзедер "түзеу мекемелерінің", "түзеу мекемесінен", "түзеу мекемесі", "түзеу мекемесінің"  сөздермен ауыстырылды ҚР 30.10.2002 жылғы № 350-II Заңы бойынша (15.07.1996 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Құжат мәтініндегі «түзеу мекемелерінің», «түзеу мекемесінен», «түзеу мекемесі», «түзеу мекемесінің» сөздері «қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің», «қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен», «қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі», «қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің» сөздерімен; «а» және «б» тармақшаларында аталған», «в» тармақшасында аталған» сөздері «а) және б) тармақшаларында аталған», «в) тармақшасында аталған» сөздерімен ауыстырылды ҚР 18.04.2017 жылғы № 58-VI Заңы бойынша (09.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.04.2017 жылы № 76 (28455) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Редакция 01.05.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын әкiмшiлiк қадағалаудың мазмұнын айқындайды және оны қолдану кезiндегi заңдылықтың құқықтық кепiлдiктерiнiң жүйесiн баянды етедi.
1-бап. Әкiмшiлiк қадағалаудың мазмұны, ұғымы және мақсаттары
Әкiмшiлiк қадағалау кәнiгi қылмыстың алдын алу нысаны болып табылады, заңдылықты, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепiлдiктерiн сақтау негiзiнде iске асырылады және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында заңдармен белгiлi бiр шектеулер қойылған осындай адамдардың мiнез-құлқын байқау түрiндегi мәжбүр ету шарасы ретiнде судьяның қаулысы негiзiнде iшкi iстер органдары жүзеге асырады.
2-бап. Әкімшілік қадағалау белгіленген адамдар
2-бап өзгертілді ҚР 30.10.2002  жылғы № 350-II Заңымен (15.07.1996 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
2-бап өзгертілді ҚР 08.07.2005  жылғы № 67 Заңымен (30.10.2002 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
2-бап өзгертілді ҚР 26.03.2007  жылғы № 240 Заңымен (08.07.2005 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
2-бап өзгертілді ҚР 03.07.2014 жылғы № 227-V Заңымен (07.12.2009 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
2-бап өзгертілді ҚР 09.04.2016 жылғы № 501-V Заңымен (02.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.04.2016 жылы № 76 (28804) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 18.04.2017 жылғы № 58-VI Заңына сәйкес (09.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.04.2017 жылы № 76 (28455) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Әкімшілік қадағалау жазасын өтеген адамдарға:
2-баптың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР 11.07.2017 жылғы № 91-VI Заңына сәйкес (18.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.07.2017 жылы № 133 (28512) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
а) қауіпті қайталануы кезінде жасалған қылмыстары, сол сияқты террористік немесе экстремистік қылмыстары, кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстары үшін;
а-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 12.07.2018 жылғы № 180-VІ Заңына сәйкес (11.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
б) ауыр және (немесе) аса ауыр қылмыстары үшін немесе қасақана қылмыстары үшін бас бостандығынан айыруға екі және одан да көп рет сотты болғандарға және жаза мерзімі аяқталған кезде дәрежесі үшінші теріс мінез-құлықты сотталғандарға;
б-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 12.07.2018 жылғы № 180-VІ Заңына сәйкес (11.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
в) егер жазаны өтегеннен кейін ішкі істер органдарының ескертулеріне қарамастан қоғамдық тәртіпті, адамның және азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерін үнемі бұзса, өзге де құқық бұзушылықтар жасаса, ауыр және (немесе) аса ауыр қылмыстары үшін немесе қасақана қылмыстары үшін бас бостандығынан айыруға екі және одан да көп рет сотты болғандарға белгіленеді.
в-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 12.07.2018 жылғы № 180-VІ Заңына сәйкес (11.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-бап. Әкiмшiлiк қадағалау орнатудың негiздемелерi
а) осы Заңның 2-бабының а) тармақшасында аталған адамдарға қатысты заң күшiне енген сот үкiмi;
а-тармақша өзгертілді ҚР 18.04.2017 жылғы № 58-VI Заңымен (09.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.04.2017 жылы № 76 (28455) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
б) осы Заңның 2-бабының б) тармақшасында аталған адамдарға қатысты қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің материалдары;
б-тармақша өзгертілді ҚР 18.04.2017 жылғы № 58-VI Заңымен (09.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.04.2017 жылы № 76 (28455) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
в) осы Заңның 2-бабының в) тармақшасында аталған адамдарға қатысты iшкi iстер органдарының материалдары негiздемелер болып табылады.
в-тармақша өзгертілді ҚР 18.04.2017 жылғы № 58-VI Заңымен (09.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.04.2017 жылы № 76 (28455) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Әкiмшiлiк қадағалау орнату, оны жүзеге асыру және тоқтату тәртiбi
4-бап. Әкiмшiлiк қадағалау орнату мерзiмi мен орны
Полная версия
ИС BestProfi