Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.09.2019
Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 наурыздағы N 773 Жарлығы
Осы Жарлық күшін жойды ҚР Президентінің 18.09.2019 жылғы № 163 Жарлығына сәйкес
Редакция 14.03.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1995 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған:
1-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 13.03.2012 жылғы № 281 Жарлығымен 22.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (өте құпия)
1) Қазақстан Республикасының "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі туралы ереже; 
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті                                     Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2009 жылғы 26 наурыздағы
 N 773 Жарлығымен
 БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі туралы
ЕРЕЖЕ
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 22.07.2011 жылғы № 126 Жарлығымен (26.03.2009 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 03.05.2013 жылғы № 559 Жарлығымен (13.03.2012 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі (бұдан әрі - «Сырбар» қызметі) Қазақстан Республикасының Президентін, Парламенті мен Үкіметін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен мемлекеттік ұйымдарын тиісті ақпаратпен қамтамасыз ету, сондай-ақ саяси, әскери-саяси, қаржылық-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, экологиялық және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салаларда мемлекет басшылығының саясатын іске асыруға жәрдемдесу мақсатында барлау қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының, арнаулы мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Сырбар» қызметі өз іс-қимылын Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. «Сырбар» қызметі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, нақты және шартты атаулары, мемлекеттік тілде жазылған өзінің атауы бар мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
3-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 25.07.2014 жылғы № 863 Жарлығымен (03.05.2013 ж. редакцияны қараңыз)
4. «Сырбар» қызметі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шартты атауларымен өкілдік етеді.
4-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 25.07.2014 жылғы № 863 Жарлығымен (03.05.2013 ж. редакцияны қараңыз)
5. «Сырбар» қызметіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. «Сырбар» қызметі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Сырбар» қызметі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. «Сырбар» қызметінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. «Сырбар» қызметінің заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 14.03.2017 жылғы № 446 Жарлығына сәйкес (25.07.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Полная версия
ИС BestProfi