"Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 19.05.97 ж. Заңының 17-бабын, "Айналадағылар үшін қауіп туғызатын әлеуметтік елеулі аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 наурыздағы N 468 қаулысын орындау мақсатында Бұйырамын: Қараныз ,
Внимание! Документ утратил силу с 29.04.2010
Алапеспен ауыратындарға көмекті және Қазақстан Республикасында алапеске қарсы күресті ұйымдастыру туралы Бұйрық Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігі 2000 жылғы 3 қараша N 05-8247 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 28 қараша N 1308 тіркелді
Күші жойылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.04.2010 № 311 бұйрығымен. (03.11.2000 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Қоса беріліп отырған:
1) Алапеске қарсы күрес жөніндегі нұсқаулық;
2) Лепрозорий ұйымдастыру туралы ережелер бекітілсін.
2. Бұл бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Төраға міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң 2000 жылғы 3 қараша N 689 бұйрығымен бекiтiлген
Алапеске қарсы күрес жөніндегі нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Алапеске қарсы күрес жөнiндегi iс-шаралардың орындалуына басшылықты Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi жүзеге асырады.
2. Алапеске қарсы күрес жөнiндегi ғылыми зерттеу және әдiстемелiк орталық Терi-венералогиялық ғылыми-зерттеу институты болып табылады.
3. Алапес бойынша емдеу және алдын алу жұмыстарын жүргiзу Қазақ республикалық лепрозорийiне және республиканың дерматовенерологиялық ұйымдарына жүктеледi.
4. Лепрозорий және жергiлiктi алапеске қарсы, терi-венерологиялық ұйымдар алапеспен ауыратындарды анықтау, оларды уақытылы ауруханаға жатқызу, науқастардың отбасы мүшелерiн және сырқаттанудың жоғары қаупi бар топтарды жүйелi бақылау жауапкершiлiгiн көтередi. Лепрозорийдiң және жергiлiктi алапеске қарсы, терi-венерологиялық ұйымдардың мiндетiне лепрозорийден шығатын науқастарға амбулаториялық емдеудi ұйымдастыру мен жүргiзу, науқастың отбасы мүшелерiне сақтандыру емiн жасау, халықтың арасында алапес бойынша санитарлық ағарту және тәрбие жұмыстарын жүргiзу кiредi.
5. Емдеу-алдын алу мекемелерiнiң медициналық қызметшiлерi жоғарыда аталған медициналық ұйымдар дәрiгерлерiнiң басшылығымен алапеске қарсы iс-шараларға қатысады, әрбiр облыстық терi-венерологиялық диспансерде алапеске қарсы iс-шаралар жүргiзуге жауапты дәрiгер тағайындалады.
6. Терi-венералогиялық ғылыми-зерттеу институты алапеске қарсы және терi-венералогиялық ұйымдармен бiрлесiп, лепрологияның көкейтестi мәселелерi бойынша ғылыми-зерттеу, қажеттi кадрларды даярлау жұмыстарын жүргiзедi және алапеске қарсы iс-шаралардың жоспарларын iске асыруға қатысады.
2. Алапеспен ауыратын науқастарды және байланысты адамдарды тiркеу және есепке алу
7. Алапеспен ауыратын науқасты анықтаған медициналық қызметкер оған "жұқпалы аурулар туралы шұғыл хабарлама" (есептiк, N 058-у нысаны) толтырып, оны аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық станцияға (бұдан әрi - СЭС) жiбередi. Содан кейiн науқасты республикалық лепрозорийға жатқызуды және дезинфекция жүргiзудi жүзеге асырады.
8. Алапеске қарсы ұйымда жаңадан анықталған науқасқа, сондай-ақ ауру рецидивi бар науқасқа "өмiрiнде бiрiншi рет алапес диагнозы қойылған науқасқа, ауру рецидивi бар науқасқа хабарлама" толтырылады. Хабарлама 3 данада жасалады. Бiр данасы лепрозорийде қалады, екiншiсi Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң Терi-венералогиялық ғылыми-зерттеу институтына жiберiледi, үшiншiсi алапеске қарсы iс-шараларды жүргiзуге жауапты (облыстық терi-венерологиялық диспансер) дәрiгерге берiледi.
Полная версия