Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамытудың тұрақтылығын және тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 13.03.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 маусымдағы № 994 Жарлығы
1. Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 маусымдағы № 994 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және қаржы секторын тиімді дамыту мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру үшін құрылады.
2. Кеңес Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін және Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Кеңес туралы осы Ережені басшылыққа алады.
4. Кеңес мүшелері өз функцияларын өтеусіз негізде жүзеге асырады.
2. Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары
5. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің тұрақтылығына және жүйелік тәуекелдерді барынша азайтуға бағдарланған макропруденциалдық реттеуді іске асыруға жәрдемдесу және ұсыныстар тұжырымдау Кеңестің негізгі міндеттері болып табылады.
6. Кеңестің функциялары:
1) реттеуші мониторинг деректерінің негізінде қаржылық тұрақтылық үшін жүйелік тәуекелдер бойынша ұсыныстарды тұжырымдау;
Полная версия

