Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 08.09.2014
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасы туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 923 Жарлығы
Осы Жарлық күшін жойды ҚР Президентінің 08.09.2014 жылғы № 905 Жарлығына сәйкес
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамытудың негізгі бағыттарын айқындау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметі, Қазақстан Республикасы  Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі және Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі өз жұмысында осы Тұжырымдаманы басшылыққа алсын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметі өз шешімдерін осы Жарлыққа  сәйкес келтірсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2010 жылғы 1 ақпандағы
 № 923 Жарлығымен
 МАҚҰЛДАНҒАН Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан
 кейінгі кезеңде дамыту
 ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс жаппай жалпы әлемдік ауқымдағы және сол сияқты ұлттық деңгейдегі қаржылық қатынастардың қолданыстағы модельдерінің кемшіліктерін көрсетті. Әлсіз жақтары мемлекеттік реттеу құрылымында және қаржы институттарының өздерінің қызметінде анықталды.
Қаржы институттарының проблемалары тәуекелдерді басқару жүйелерінің жетілмеуінде және қазіргі заманғы үрдістерге және қабылданатын тәуекелдер деңгейіне (дәрежесі бойынша, сол сияқты және тәуекел сапасы бойынша) сәйкес келмеуінде, корпоративтік басқару деңгейінің төмен болуында, айқындылықтың жеткіліксіздігінде және осының салдарынан теріс үрдістерге сезімтал болып отырған бизнес-модельдердің тиімсіздігінде пайда болды.
Дағдарыстан кейінгі кезеңнің айрықша белгілерінің бірі қаржы секторының анықталған проблемаларын жою қажеттілігі, жіберілген қателерді түзету және тұрақты әртараптандырылған өсуді қамтамасыз ету болып табылады. Егемен Қазақстанның қазіргі заманғы, тұрақты және бәсекеге қабілетті қаржы жүйесін құру жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет.
Өзінің әлеуетін жоғалтпай, қалыптасып отырған нақты жағдайларды ескере отырып, пысықтау мен жетілдіруді талап ететін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 1284 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 90 қаулысымен бекітілген Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамытудың 2015 жылға дейінгі жоспарын іске асыру жөніндегі жұмыс жалғастырылады.
Осы Тұжырымдаманың негізгі мақсаты басқару мен реттеудің сапалы жаңа деңгейіне көшу бөлігінде қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде төмендегілер арқылы дамыту болып табылады:
1) қаржы секторының тұрақтылығын арттыру;
2) ағымдағы қаржы-экономикалық дағдарыс барысында анықталған кемшіліктерге, тұрақсыздық факторларына және құбылыстарына жол бермеу бойынша жағдайлар жасау;
3) дағдарыстан кейінгі кезеңде макроэкономикалық шешімдерді іске асыру құралы ретінде инвестициялық белсенділікті ынталандыру;
4) инвесторлар тарапынан, сол сияқты қаржылық қызмет көрсетулерді тұтынушылар тарапынан елдің қаржы секторына сенімді нығайту.
Полная версия
ИС BestProfi