Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.07.2019
Фильмдердің мемлекеттік қорын айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қантардағы № 82 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.07.2019 жылғы № 551 Қаулысына сәйкес 
"Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 1-бабының 16-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" акционерлік қоғамы ұлттық фильмдерді, бірлесіп түсірілген фильмдерді, сондай-ақ олардың бастапқы материалдарын сақтауды жүзеге асыратын Фильмдердің мемлекеттік қоры болып айқындалсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi