Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 29.12.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 29 маусымдағы N 6 Нормативтік қаулысы
Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындаудың мерзімін кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту, сондай-ақ орындау тәсілі мен тәртібін өзгертуді реттейтін заңнамалық актілерді соттардың біркелкі түсінуі мен қолдануы мақсатында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 76-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - АІЖК) 21-бабына сәйкес заңды күшіне енген сот актілері, осы сот актілері оларға қатысты болатын барлық мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды тұлғаларының, жеке немесе заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болады. 
Сот актілері ерікті немесе мәжбүрлі түрде орындалуы тиіс. 
Сот актісін ерікті түрде орындау деген борышкердің атқарушылық іс жүргізу қозғалғанға дейін немесе "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Атқарушылық іс жүргізу туралы заң) 37-бабында көзделген атқарушылық іс жүргізу тәртібінде сот актісінде ұйғарылған орындауды (төлем жасайды, затты береді және т.б.) өндіріп алушыға өз бетімен ұсынуын білдіреді. 
Сот актісін мәжбүрлеп орындату деген сот орындаушысының Атқарушылық іс жүргізу туралы заңға сәйкес сот актісін орындау үшін қажетті әрекеттерді борышкердің еркіне қарсы жасауын білдіреді. 
1-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5 Нормативтік қаулысымен.
2. Өндіріп алушы АІЖК-нің 149 және 236-баптарына сәйкес соттан алған атқару құжатын мәжбүрлеп орындау үшін атқарушылық іс жүргізудің аумақтық органына Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 11-бабында  белгіленген мерзімдерде ұсынуға құқылы. 
Егер атқару құжатын орындауға ұсыну мерзімі дәлелді себептермен (сырқаттануы, қызметтік іссапарда болуы және т.б) өткізіліп алынса, сот АІЖК-нің 128-бабына және Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 13-бабына сәйкес осы мерзімді қалпына келтіреді.
2-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5 Нормативтік қаулысымен.
3. Сот актісінің орындалуын кейінге қалдыру деп сот актісін мәжбүрлеп орындатуға айналдыру күнін немесе сот орындаушысының қозғалған атқарушылық іс жүргізу бойынша атқарушылық әрекеттерін жасауды бастайтын күнді кейінгі мерзімге ауыстыру туралы соттың іс жүргізу шешімі түсіндіріледі. 
Кейінге қалдыру деген өндіріп алушыға АІЖК-нің 236-бабында көзделген тәртіпте кейінге қалдыру мерзімі өткенге дейін атқару құжаты берілмейтіндігін, ал сот орындаушысы Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 37-бабына сәйкес кейінге қалдыру кезеңінде атқарушылық іс жүргізуде қозғауға немесе атқарушылық әрекеттерді жасауға құқығы жоқ екендігін білдіреді. 
Сот актісін орындаудың мерзімін ұзарту деп борышкердің сот билігін кезеңмен, ерікті түрде орындауын белгілеген соттың іс жүргізу шешімін немесе орындау нысаны бөлінетін зат болғанда (мысалы, ақша, орындалатын жұмыс және т.б.) атқарушылық іс барысындағы сот орындаушысының дәл сондай әрекетін айтуға болады. 
3-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5 Нормативтік қаулысымен.
4. Егер сот актісі АІЖК-нің 149 немесе 236-баптарында көзделген тәртіпте мәжбүрлеп орындатуға айналдырылмаса, АІЖК-нің 233-бабында көзделген негіздер бойынша олардың туындаған кезеңіне (сот актісін шығарғанға дейін немесе оны шығарғаннан кейін) қарамастан, сот актісін орындау мерзімі кейінге қалдырылуы, мерзімі ұзартылуы немесе орындау тәсілі мен тәртібі өзгертілуі мүмкін. 
АІЖК-нің 233-бабын қолдану үшін сот актісінің заңды күшіне енгені немесе енбегені, орындау нысанының бөлінетін немесе бөлінбейтін зат болуы туралы мәселенің құқықтық мәні болмайды. 
5. АІЖК-нің 240-бабында көзделген негіздер бойынша, егер сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді қозғап, ал заңның осы нормасында көзделген негіздер сот орындаушысы атқарушылық әрекеттерді жасаған уақытта болса және орындауды қиындатса немесе оларды орындау мүмкін болмаса, сот актісін орындау мерзімі кейінге қалдырылуы, мерзімі ұзартылуы, орындау тәсілі мен тәртібі өзгертілуі мүмкін. 
6. Сот актілері деп соттың шешімдері, оның ішінде сырттай шығарылған шешімдері, сот бұйрықтары, бітімгершілік келісімді бекіту туралы ұйғарымдар, апелляциялық, кассациялық, қадағалау алқаларының қаулылары саналады. 
7. Мерзімді кейінге қалдырудың ұзақтығын сот АІЖК-нің 6-бабында көзделген ақылға қонымдылық пен әділеттілік өлшемдерін ескере отырып айқындайды, мерзімді кейінге қалдыру өндіріп алушының заңды құқықтарын бұзбауы, ал борышкердің сот актісін орындаудан жалтаруын болдырмауы тиіс. 
Сот актісін мәжбүрлеп орындатуға айналдыру мерзімін кейінге қалдыру Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 11-бабында көзделген мерзімнен аспауы тиіс. 
Атқарушылық әрекеттерді жүзеге асыру мерзімін кейінге қалдыру Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 39-бабының 1 немесе 2-тармақтарында белгіленген мерзімнен аспауы тиіс. 
Жасы он төрттен он сегізге дейінгі кәмелетке толмаған келтірген мүліктік зиянды өндіріп алу туралы сот актісін орындау мерзімін кейінге қалдыру, егер осы кезеңде кәмелетке толмағанның мүлкі немесе табысы болмаса, жауапкер кәмелетке толғанға дейін кейінге қалдырылуы мүмкін. 
Полная версия
ИС BestProfi