Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңдары соттардың осы Кодекспен және басқа заңдармен өз құзыретіне жатқызылған талап қою және өзге істерді қарау мен шешу барысында сот төрелігін атқаруы кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі N 411 кодексі
Құжат мәтініндегі "өтінім", "өтінімдері", "өтінімімен", "өтінімі", "өтінімде", "өтінімін", "өтінімді", "өтінімдерін", "өтінімімен", "өтінімнің", "өтінімдерді", "Өтінім", "өтініммен", "өтініміне", "өтінімге", "өтінімдер" сөздері "өтініш", "өтініштері", "өтінішімен", "өтініші", "өтінішінде", "өтінішін", "өтінішті", "өтініштерін", "өтінішімен", "өтініштің", "өтініштерді", "Өтініш", "өтінішпен", "өтінішіне", "өтінішке", "өтініштер" сөздерімен ауыстырылды ҚР 10.12.2009 жылғы № 227-IV Заңымен (11.07.2009 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2010 жылдан бастап) Құжат мәтініндегі «дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім», «дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен», «дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін», «дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді», «дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің», «медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келісім» сөздері «дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім», «дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен», «дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін», «дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді», «дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің», «дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім» сөздерімен ауыстырылды ҚР 03.07.2013 жылғы № 121-V Заңымен (02.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Осы Кодекс күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР 31.10.2015 жылғы № 377-V Кодексіне сәйкес
Редакция 13.11.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-бөлім. Жалпы ережелер
1-тарау. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу заңдары
1-бап. Азаматтық іс жүргізу заңдарымен реттелетін қатынастар
2-бап. Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық істер бойынша сот ісін жүргізу тәртібі конституциялық заңдармен, Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен нормаларына негізделген Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексімен айқындалады. Азаматтық сот ісін жүргізу тәртібін реттейтін өзге заңдардың ережелері осы Кодекске енгізілуге тиіс.
2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары азаматтық іс жүргізу құқығының құрамдас бөлігі болып табылады.
3. Азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңнама азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы, қаржы, шаруашылық, жер құқықтық қатынастарынан, табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастардан және басқа да құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша істерді, сондай-ақ ерекше іс жүргізу істерін қарау тәртібін белгілейді.
3-бөлік өзгертілді ҚР 05.07.2014 жылғы № 236-V Заңымен (04.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
4. Бөлік алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-бөлік алынып тасталды ҚР 05.07.2014 жылғы № 236-V Заңымен (04.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
3-бап. Азаматтық сот ісін жүргізуде басым күші бар құқықтық нормаларды қолдану
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заң күші бар және ол Республиканың бүкіл аумағында тікелей қолданылады. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасы Конституциясы нормаларының арасында қайшылық болған жағдайда Конституцияның ережелері қолданылады.
2. Осы Кодекстің нормалары мен Қазақстан Республикасы конституциялық заңының арасында қайшылық болған жағдайда конституциялық заңның ережелері қолданылады. Осы Кодекс нормалары мен өзге заңдардың арасында қайшылық болған жағдайда осы Кодекстің ережелері қолданылады.
3. Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар осы Кодекстен басым болады және халықаралық шартта оның қолданылуы үшін заң шығарылуы талап етіледі деп көрсетілген жағдайларды қоспағанда, олар тікелей қолданылады.
4-бап. Азаматтық іс жүргізу заңының уақыт жағынан қолданылуы
1. Азаматтық сот ісін жүргізу іс жүргізу әрекетін орындау, іс жүргізу шешімін қабылдау кезіне қарай күшіне енген азаматтық іс жүргізу заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Жаңа міндеттер жүктейтін, процеске қатысушыларда бар құқықтардың күшін жоятын немесе оларды кемітетін, олардың пайдаланылуын қосымша шарттармен шектейтін азаматтық іс жүргізу заңының кері күші болмайды.
3. Дәлелдемелердің жарамдылығы оларды алған кезде қолданылып жүрген заңға сәйкес белгіленеді.
2-тарау. Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері мен принциптері
Полная версия