«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 35) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015
Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 маусымдағы № 796 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 750 Қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 26.03.2015 жылғы № 234 Бұйрығын қараңыз
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 маусымдағы № 796 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 35) тармақшасына сәйкес әзірленген және энергетикалық ұйымдарда персоналмен жұмыс істеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалар электр және жылу энергиясын өндіру, беру, онымен жабдықтау саласындағы ұйымдарға қолданылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әкімшілік-техникалық персонал – техникалық және жедел қызмет көрсетуді, энергетикалық қондырғыларда жөндеу, монтаждау және ретке келтіру жұмыстарын ұйымдастыруды жүзеге асыратын басшылар мен мамандар;
2) біліктілікті арттыру – бұрын алған кәсіптік білімін, шеберлігі мен дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдету мен жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны;
3) жөндеу персоналы – энергетикалық қондырғыларға техникалық қызмет көрсетуді, оларды жөндеуді, реттеуді және сынауды тікелей жүзеге асыратын жұмыскерлер;
4) жұмыс орны – жұмыскердің еңбек қызметі процесінде өздерінің еңбек міндеттерін орындауы кезінде тұрақты немесе уақытша болатын орны;
5) қайталау - қайталаушыны дайындауға жауапты адамның бақылауымен энергетика қондырғысын басқару немесе жұмыс орнында басқа да функцияларды жүзеге асыру;
6) құрылымдық бөлiмшенiң басшысы – ұйымның басшысымен еңбек шартын (келісімшарт) жасасқан немесе ол құрылымдық бөлiмшенiң қызметiн басқару үшiн тағайындаған адам (бастық, шебер, меңгерушi және оның орынбасарлары);
7) нұсқама – жұмыскерлердің барлық санаттары үшін міндетті персоналмен жұмыс нысаны;
8) өртке қарсы жаттығулар – өрт кезінде адамдарды және материалдық құндылықтарды эвакуациялау жоспарын игеру, өрт сөндіру жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдарды жасау, сондай-ақ өрт кезінде зардап шеккен адамдарға дәрігер келгенге дейінгі алғашқы көмек көрсету бойынша жаттығулар;
Полная версия