Қазақстан Республикасының Yкiметi және Америка Құрама Штаттарының Үкiметi арасындағы Экономикалық даму жөнiндегi Қазақстан-Американ бағдарламасы бойынша өзара түсiнiстiк туралы меморандумды iске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 қазандағы N 960 Қаулысы
"Қазақстан Республикасының Үкiметi және Америка Құрама Штаттарының Үкiметi арасындағы Экономикалық даму жөнiндегi Қазақстан - Американ бағдарламасы бойынша өзара түсiнiстiк туралы меморандумды ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі экономикалық даму жөнiндегi Қазақстан - Американ бағдарламасын (бұдан әрi - Бағдарлама) әзiрлеу мен орындауды қадағалау, тиiмдiлiк индикаторларын және күтiлетiн нәтижелерiн әзiрлеу және кезеңдiк шолу процестерiне басшылық жасау, жыл сайынғы Іс-шаралар жоспарын (бұдан әрi - Бағдарламаны орындау жөнiндегi жоспар) дайындау, сондай-ақ Бағдарламаны орындау жөнiндегi есептi дайындауды бақылауды қамтамасыз ету үшiн Бағдарламаның үйлестiрушiсi болып тағайындалсын.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.08.2010 № 851 Қаулысымен. (31.10.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі Марат Әпсеметұлы Құсайыновқа Бағдарламаны орындау жөніндегі жоспарды келісуге өкілеттік берілсін.
2-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 13.12.2011. № 1516 Қ аулысымен. (31.08.2010 жылғы редакцияны қараңыз)