«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 32-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерінің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын регламенттеуді реттеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 15.01.2021
Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы N 791 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 30 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5945 болып енгізілді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 15 қантардан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.12.2020 жылғы № ҚР ДСМ-305/2020 Бұйрығына сәйкес Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.05.2017 жылғы № 311 Бұйрығына сәйкес (13.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Редакция 23.06.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (Н.Қ.Хамзина) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Бисмильдин Ф.Б.) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы Б. Садықов
«Келісілді » Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2009 жылғы 30 қараша __________ Г. Әбдіқалықова
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 791 бұйрығымен бекітілген
Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамалары
Біліктілік сипаттамалары жаңа редакцияда ҚР Денсаулық сақтау министрінің 24.08.2012 № 588 (26.11.2009 жылғы редакцияны қараңыз) Бұйрығымен.(алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамалары (бұдан әрі - Сипаттамалар) денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымдық бөлімшелері туралы ережені, денсаулық сақтау қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеудің, кадрларды таңдаудың және орналастырудың, оларды пайдаланудың тиімділігін бақылауды жүзеге асырудың, денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің атқарып отырған лауазымдарына сәйкестігіне аттестация жүргізудің негізі болып табылады.
Бухгалтер, экономист, заңгер, кадр жөніндегі маман, аудармашы, психолог, емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы және өзге де мамандардың лауазымдарының біліктілік сипаттамалары барлық қызмет саласына ортақ мемлекеттік мекемелердің және қазыналық кәсіпорындардың мамандарының жеке лауазымдарының біліктілік сипаттамаларында анықталған.
Әр лауазымның біліктілік сипаттамалары мынадай үш бөлімнен тұрады: «Лауазымдық міндеттері», «Білуі керек», «Біліктілікке қойылатын талаптар».
1-бөлім. Денсаулық сақтау ұйымдары
1-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.12.2018 жылғы № ҚР ДСМ-43 Бұйрығына сәйкес (19.05.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-параграф. Басшылардың лауазымдары
1-кіші бөлім. «Республикалық, облыстық, өңірлік және қалалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымының басшысы (бас директор, директор)
1-кіші бөлім өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.08.2013 жылғы № 436 Бұйрығымен (24.08.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 1-кіші бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.12.2018 жылғы № ҚР ДСМ-43 Бұйрығына сәйкес (19.05.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Лауазымдық міндеттері. Денсаулық сақтау (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет) ұйымдарындағы өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметтерді басқарады, қабылданған шешім, мүліктің сақталуы және тиімді пайдаланылуы, сондай-ақ оның қызметінің қаржылық-шаруашылық нәтижелері үшін толық жауап береді. Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетіктерін анықтайды. Мемлекеттік стандарттарға сай болуы үшін көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған қызметкерлер жұмысын ұйымдастырудың нысаны мен әдістерін жаңадан енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді. Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылдарын қамтамасыз етеді, олардың іс-қимылдарын көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды. Білікті кадрлардың өз кәсіптік білімдері мен тәжірибелерін ұтымды пайдалануына, өмір мен денсаулыққа қауіпсіз еңбек жағдайын құруға, ұжымда қолайлы психологиялық ортаны қалыптастыру үшін шаралар қабылдайды. Ұйым қызметінің талдауы және оның жұмыс көрсеткіштерінің бағасы негізінде ұйым жұмысының нысаны мен әдісін жақсартуға арналған қажетті шараларды қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік принциптерінің негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбекке ынтасын, бастамасын және белсенділігін дамытуға ықпал етеді. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз әсер ететін басым факторларды анықтайды. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға арналған пәрменді шараларды қабылдайды. Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуді, санитариялық ережелер мен нормаларды және гигиеналық нормативтерді сақтауды оперативті және зертханалық-аспаптық бақылау мен қадағалауды ұйымдастырады. Ұйым қызметінде, сондай-ақ қаржылық-шаруашылық басқару үшін құқықтық құралдарды пайдалану, шарттық және қаржылық тәртіпті бекіту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелеріне қатысты заңдылықты сақтауды қамтамасыз етеді. Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау мен жұмыстан шығаруды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалармен шарт жасасады, мәміле жасайды. Өз құзырына қатысты мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады. Мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта ұйымның өкілі болады. Медициналық этиканың орындалуын, ішкі еңбек тәртібінің, құралдарды, жабдықтарды және тетіктерді техникалық пайдаланудың талаптарын, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді. Ұйымның уақытында есеп беруін қамтамасыз етеді.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау мәселелеріне арналған нормативтік құқықтық актілерді, халық денсаулығы жағдайының статистикасын, халық денсаулығының жағдайын сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын, отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін, денсаулық сақтауды басқару жүйесі мен денсаулық сақтауды ұйымдастырудың теориялық негіздерін, халық үшін санитариялық ағартуды, гигиеналық тәрбиелеуді және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыруды, адамның өмір сүру ортасының факторларын, денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлық-экономикалық және қаржылық қызметтерінің негіздерін, қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жүйесінің негіздерін, еңбек заңнамасы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.
1-кіші бөлімнің екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 13.06.2016 жылғы № 500 Бұйрығына сәйкес (26.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Полная версия

