«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 10.08.2015
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтiк қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 165 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 16.07.2015 жылғы № 542 Қаулысына сәйкес «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің 03.02.2015 жылғы № 71 Бұйрығын қараңыз
1. Қоса беріліп отырған Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтiк қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 165 қаулысымен бекітілген
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтiк қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген және сараптама жұмыстары мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы инжинирингтiк қызметтер – оңтайлы жобалық көрсеткiштерге қол жеткiзу мақсатында құрылыстың дайындығын және жүзеге асырылуын қамтамасыз ететiн қызметтер кешенi (техникалық және авторлық қадағалау);
2) сараптамалық жұмыстар – ғимараттар мен құрылыстардың жобаларына сараптама жасау және олардың сенiмдiлiгi мен тұрақтылығына техникалық тексеру жүргiзу жөнiндегi жұмыстар;
3) сарапшы – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтердің белгілі бір түрлерін жүзеге асыратын жеке тұлға;
4) сарапшының аттестаты – сарапшының мәртебесін және оның қала құрылысы мен құрылыс қызметінде сараптамалық жұмыстарды және инжинирингтік қызметтер көрсетуді орындау құқығын куәландыратын белгіленген үлгідегі біліктілік аттестаты (куәлік);
5) өтініш беруші – сарапшы мәртебесін алуға үміткер жеке тұлға не кезекті аттестаттауға жататын сарапшы;
6) аттестаттау комиссиясы – құжаттардың талаптарға сәйкестiгiн қарайтын, тестілеуге жіберілген сарапшылардың тізімін және тестілеу өткізудің кестесін бекітетін, сондай-ақ сарапшылардың аттестаттаудан өткендігі туралы шешім қабылдайтын, сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) бұйрығымен құрылған алқалы орган. Комиссия мүшелерiнiң саны бес адамнан кем болмауға тиiс. Комиссияның хатшысы комиссия мүшесi болып табылмайды және оның дауыс беру құқығы жоқ.
3. Аттестаттау сарапшылардың кәсіби дайындық деңгейі мен құзыреттілігін, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді білуін анықтау, олар жүзеге асыратын жұмыстардың сапасын жақсарту, құрылыс саласында болып жатқан өзгерістерді ескеріп, жаңа талаптарды зерттеу мақсатында жүргізіледі.
4. Кезекті аттестаттау сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтердің мынадай түрлерін:
1) қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасын;
2) техникалық қадағалауды;
Полная версия