Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 02.01.2010
Санитарлық паспорттардың нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы N 21 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 26 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 2680.
Осы Бұйрық күшін жойды 2010 жылғы 2 қаңтардан бастап Денсаулық сақтау министрінің 18.11.2009 жылғы № 731 Бұйрығына сәйкес
"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын  іске асыру, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету және объектілерді санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жақсарту мақсатында бұйырамын: 
1. 1-11-қосымшаларға сәйкес санитарлық паспорттардың нысандары бекітілсін. 
2. Тиісті аумақтардағы, көліктегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық органдардың басшылары: 
1) жұмыс істеп тұрған объектілердің санитарлық паспорттарын ресімдесін; 
2) санитарлық паспорттар деректерінің негізінде электронды деректер базасын жасасын және жаңа материалдардың келіп түсуіне қарай деректер базасына тиісті өзгерістер енгізсін. 
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау министрі
 міндетін атқарушының
 2004 жылғы 13 қаңтардағы
 "Санитарлық паспорттардың
 нысандарын бекіту туралы"
 N 21 бұйрығына
 1-қосымша
Шағын-қайта өңдеу өнеркәсібінің  
  санитарлық паспорты 
1. Объектінің атауы  ______________________________________________ 
 2. Мекен-жайы _____________________________________________________ 
 3. Пайдалануға берілген күні ______________________________________ 
 4. Жобалық құжаттаманың, жоба бойынша қорытындының болуы __________ 
 5. Меншік нысаны __________________________________________________ 
Полная версия
ИС BestProfi