Близость слов: Окончание:





Кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 ақпандағы № 74 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 23 сәуірде № 8436 тіркелді
Редакция 01.01.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін банк қызметін реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
2-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2013 жылғы № 204 Қаулысымен (25.02.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.02.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.12.2013 жылғы № 294 Қаулысымен (26.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.04.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Тізбенің 1-тармағының бір жүз отыз бесінші, бір жүз отыз алтыншы абзацтары, 4-тармағының қырық алтыншы, қырық жетінші абзацтары 2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
___________ Б.Б. Жәмішев
2013 жылғы 19 наурыз
(қолы, күні, қолтаңба мөрі)
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 25 ақпандағы
№ 74 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін банк қызметін реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 жылғы № 147 Қаулысымен (08.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкінің Басқармасының 26.12.2016 жылғы № 308 Қаулысымен (30.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2017 жылдан бастап)
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 08.05.2015 жылғы № 75 Қаулысымен (23.04.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.06.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 жылғы № 144 Қаулысымен (08.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 08.05.2015 жылғы № 75 Қаулысымен (23.04.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.06.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
6. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
6-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 жылғы № 312 Қаулысымен (30.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
7. Тармақ» күшін жойды (ескертуді қараңыз)
7-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.12.2019 жылғы № 248 Қаулысына сәйкес (26.02.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2020 жылдан бастап)
8. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің олармен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға және Қазақстан Республикасының резиденттері және резиденттері емес заңды тұлғаларға барлық берілген банктік қарыздарының және банк кепілдіктерінің жиынтық көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 80 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7510 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 24 мамыр № 261-266 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Екінші деңгейдегі банктердің олармен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға және Қазақстан Республикасының резиденттері және резиденттері емес заңды тұлғаларға барлық берілген банктік қарыздарының және банк кепілдіктерінің жиынтық көлемін есептеу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жиынтық көлемнің көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
БҚ - Банктер туралы заңның 8-1-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген, берілген банктік қарыздар бойынша негізгі борыш сомасы;
БК – Банктер туралы заңның 8-1-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген банк кепілдігі шарты бойынша міндеттемелердің барлық сомасына берілген банк кепілдіктері;
ПС – бас банктің күмәнді және (немесе) үмітсіз активтерін иеленетін банктің еншілес ұйымдарына қойылатын талаптарға қалыптастырылған резервтерді қоспағанда, Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (бұдан әрі – ХҚЕС) сәйкес қалыптастырылған резервтердің сомасы;
ҚС – бас банктің күмәнді және (немесе) үмітсіз активтерін иеленетін банктің еншілес ұйымдарының міндеттемелері бойынша қамтамасыз етуді қоспағанда, Банктер туралы заңның 8-1-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген банктік қарыздар мен банк кепілдіктері бойынша қамтамасыз ету сомасы;
БАС – бас банктің күмәнді және (немесе) үмітсіз активтерін иеленетін банктің еншілес ұйымдарына банктің талаптары бойынша негізгі борыштың сомасы;
МК – № 358 нұсқаулыққа сәйкес есептелген меншікті капитал.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Егер банктің қарыз алушысы банк алдында міндеттеме туындаған күні банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға болып табылмаса, бірақ кейіннен сондай болса, көрсеткіштің мөлшері асып кеткен жағдайда, егер банк уәкілетті органға қарыз алушының қосымша қамтамасыз етуді ұсыну немесе көрсеткіштің мөлшерін сақтау үшін қажетті мөлшерге дейін банк талаптарының бір бөлігін орындау қабілетін растай отырып және бұл жөнсіздікті уәкілетті орган белгілеген мерзімде жою жөнінде міндеттеме қабылдай отырып, мөлшерден асып кету анықталған күннен бастап осындай асып кету туралы хабарлаған болса, көрсетілген асып кету бұзушылық болып қаралмайды.».
9. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
9-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.04.2014 жылғы № 71 Қаулысымен (25.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.06.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
10. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
10-тармақ күшін жойды  ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2018 жылғы № 41 Қаулысына сәйкес (26.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.04.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсатын алғанға дейін күмәнді және үмітсіз активтерді басқару қызметін жүзеге асыратын (жүзеге асырған) еншілес ұйымына (еншілес ұйымдарға) берілген кредиттерге (қарыздарға), бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін еншілес ұйымына берілген кредиттерге (қарыздарға), сондай-ақ бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін еншілес ұйымына бас банк берген активтерге қарсы резервтерді қалыптастыру халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін бас банктің ішкі кредиттік саясатына сәйкес есептеледі.».
Полная версия
ИС BestProfi