Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2019
Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы N 49 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 5 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4602 болып енгізілді.
Қаулының атауына өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 16.07.2007. № 209 Қаулысымен (23.02.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(ҚР ӘМ мем. тіркеуден өткізілген күннен бастап 14 күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
Осы Қаулы күшін жойды 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 жылғы № 257 Қаулысына сәйкес
Редакция 30.10.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 16.07.2007. № 209 Қаулысымен (23.02.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(ҚР ӘМ мем. тіркеуден өткізілген күннен бастап 14 күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық кесімдердің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Банктерді қадағалау департаменті (Раева Р.Е.): 
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын; 
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде   мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күн мерзімінде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне және Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі   (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Қазақстан Республикасы Қаржы
 нарығын және қаржы ұйымдарын
 реттеу мен қадағалау агенттігі
 Басқармасының
 2007 жылғы 23 ақпандағы
 N 49 қаулысына
 1 қосымша
Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесі
Ереженің атауына өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 16.07.2007. № 209 Қаулысымен (23.02.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(ҚР ӘМ мем. тіркеуден өткізілген күннен бастап 14 күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
Осы Кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережесі «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» (бұдан әрі – Заң) 1995 жылғы 31 тамыздағы, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кредиттік тәуекелді басқару жүйесін жетілдіру мақсатында әзірленді және банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, екінші деңгейдегі банктердің, оның ішінде ислам банктері мен «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – банк) кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу тәртібін және қажетті құжаттар тізбесін айқындайды.
Кіріспе жаңа редакцияда ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 16.07.2007. № 209 (23.02.2007 жылғы редакцияны қараңыз), 02.10.2008 № 144, 29.04.2009 № 91 Қаулыларымен.(ҚР ӘМ мем. тіркеуден өткізілген күннен бастап 14 күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 жылғы № 242 Қаулысымен (16.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.02.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1. Осы Ережелердің мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) агент-банк – банк синдикатының мүшелері өзінің мүддесін көздеуді тапсыратын, сондай-ақ синдицилденген заемға қатысты оның барлық қолданыс мерзімі ішінде кредиттік басқару жөніндегі қызмет көрсетуді тапсыратын банк; 
1-1) банктердің синдикаты – бірлескен кредиттік операцияларды жүргізу мен банк синдикатына кіретіндердің заңдық және қаржылық дербестігін сақтап, заемшының төлем қабілетсіздігі жағдайында әр қатысушы үшін ықтимал шығындарды төмендету мақсатымен біріктірілген екі және одан астам банктер; 
1-2) заемшы – заем (кредит) шартына қол қоятын, заем (кредит) алған және алынған қаражатты қайтару мен алынған заемды (кредитті), оның ішінде сыйақы мен кредит бойынша басқа төлемдерді толық төлеу бойынша өзіне міндеттемелерді қабылдайтын жеке немесе заңды тұлға; 
Полная версия
ИС BestProfi