Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016
"Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 1243 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 наурыздағы № 525 Жарлығы
Осы Жарлық күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы № 151 Жарлығына сәйкес
Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
«Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 1243 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 47, 524-құжат; 2004 ж., № 21, 265-құжат; 2006 ж., № 1, 1-құжат; 2007 ж., № 43, 499-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы ереже осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап, бірақ 2013 жылғы 26 наурыздан ерте емес, қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 22 наурыздағы
№ 525 Жарлығымен
бекітілген
Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi туралы ереже
Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi туралы осы ереже мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiн қалыптастыру және онымен жұмысты ұйымдастыру тәртібін регламенттейдi.
1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резерві
1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резерві (бұдан әрі – «А» корпусының кадр резерві) – «А» корпусының бос мемлекеттік лауазымдарына орналасуға үміткер Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қалыптастырылған жүйеленген тізімі.
«А» корпусының кадр резервін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган «А» корпусының кадр резервіне алу үшін Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) ұсыным берген азаматтар қатарынан қалыптастырады.
2. Лауазымынан босатылған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісі босатылған күнінен бастап бір жылға Ұлттық комиссияның шешімі бойынша кадр резервіне алынады. Лауазымынан терiс себептермен босатылған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісі кадр резервіне алынбайды.
3. «А» корпусының кадр резервіне іріктеу және «А» корпусының бос лауазымдарына орналасуға конкурстық іріктеу Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Лауазымдары «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына өзгертілген мемлекеттік қызметшілер «А» корпусының кадр резервіне Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережеде айқындалатын тәртіппен, Ұлттық комиссияның шешімі бойынша алынады.
5. «А» корпусының кадр резервінен шығару үшін:
1) «А» корпусының кадр резервіне алынған адамның өтініш беруі;
2) осы Ереженің 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, «А» корпусының кадр резервіне алынған күнінен бастап екі жыл өтуі;
3) «А» корпусының резервшiсінiң көрiнеу жалған мәлімет бергенiн және құжаттарды бұрмалағанын айғақтайтын фактiлердің анықталуы;
Полная версия
ИС BestProfi