2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 233-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 22.03.2016
Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шартын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қaғидалары мен шартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2013 жылғы 07 тамыздағы № 323 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 28 тамызда № 8678 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 22 наурыздан бастап ҚР Білім және ғылым министрінің 27.01.2016 жылғы № 83 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарты бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 16 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 18 ақпанда № 6061 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2010 жылғы 26 маусымдағы № 251-255 (26100) санында жарияланған);
2) «Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 16 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 119 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 13 мамырда № 6952 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 356-357 (26751) санында жарияланған).
3. Әкімшілік департаменті (Ғ.А. Оспанқұлов):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсына орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жауапты хатшы Ә.Қ. Ғалымоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы М. Орынханов
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы ___________ Е. Егемберді 2013 жылғы 5 тамыз
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 7 тамыздағы № 323 бұйрығына 1-қосымша
Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарты (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 233-бабына сәйкес әзірленген және педагог қызметкерлерді және оларға теңестірілген мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін тұлғаларды қоспағанда, білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізудің тәртібі мен шарттарын анықтайды.
2. Бұл Қағидалар аттестаттау «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 қарашадағы № 1353 қаулысына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларына қолданылмайды.
Полная версия

