Близость слов: Окончание:





Данный документ находится в процессе изменения
Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 ақпанда № 13317 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 17.10.2017 жылғы № 530 Бұйрығына сәйкес (05.07.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.12.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 12.04.2018 жылғы № 152 Бұйрығына сәйкес (17.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 07.04.2020 жылғы № 132 Бұйрығына сәйкес (19.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқуағарту министрінің 02.04.2024 жылғы № 72 Бұйрығына сәйкес (30.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 10.03.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 7-тармағына, «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес», БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 12.11.2021 жылғы № 561 Бұйрығына сәйкес (14.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 17.10.2017 жылғы № 530 Бұйрығына сәйкес (05.07.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.12.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 12.04.2018 жылғы № 152 Бұйрығына сәйкес (17.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 07.04.2020 жылғы № 132 Бұйрығына сәйкес (19.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 12.11.2021 жылғы № 561 Бұйрығына сәйкес (14.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шартын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 7 тамыздағы № 323 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8678 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 220 (28159) санында жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Әкімшілік департаменті (A.M. Қайырбекова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіпов      
Полная версия
ИС BestProfi