Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Внимание! Документ утратил силу с 16.03.2016
"Жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 қарашадағы № 1463 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1111 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 16 наурыздан бастап ҚР Үкіметінің 25.02.2016 жылғы № 114 Қаулысына сәйкес
1. «Жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 қарашадағы № 1463 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 79, 1175-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
2) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі лицензиар болып айқындалсын.»;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарында және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінде:
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
| автобустар мен шағын автобустардағы тахографтарды тексеру туралы сертификат | тахографтарды тексеру туралы тиісті сертификаттың көшірмелері | Мемлекеттік қызметті алушы салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелерін ұсынады |
».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Полная версия