Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2017
Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жасау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 30 қазандағы № 500 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 20 қарашада № 8913 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 09.02.2016 жылғы № 56 Бұйрығына сәйкес (24.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 10.03.2016 жылы тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2017 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Қаржы министрінің 06.12.2016 жылғы № 640 Бұйрығына сәйкес
Редакция 09.02.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 118-бабын iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 09.02.2016 жылғы № 56 Бұйрығына сәйкес (24.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 10.03.2016 жылы тіркелді
1) «Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен шоғырландырылған қаржы есептілігін жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 25 маусымдағы № 303 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2010 жылғы 19 шілдеде № 6339 болып тіркелген, 2010 жылғы 2 қыркүйектегі № 356-357 (26200) «Егемен Қазақстан»; 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 358-359 (26202) «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған);
2) «Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiмен шоғырландырылған қаржы есептiлiгiн жасау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 25 маусымдағы № 303 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 417 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2012 жылғы 8 қазанда № 7987 болып тіркелген, 2012 жылғы 3 қарашадағы № 722-726 (27798) «Егемен Қазақстан»; 2012 жылғы 22 желтоқсандағы № 842-846 (27917) «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған).
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаменті (З.А. Ерназарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіпте бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің
 2013 жылғы 30 қазандағы
№ 500 бұйрығымен бекітілген
Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидалары
Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 09.02.2016 жылғы № 56 Бұйрығына сәйкес (24.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 10.03.2016 жылы тіркелді
1. Осы Қағидаларда пайдаланушыларға оларды ұсыну мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау және ұсыну көлемі, нысандары, мерзімділігі, мерзімі мен тәртібі белгіленеді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 09.02.2016 жылғы № 56 Бұйрығына сәйкес (24.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 10.03.2016 жылы тіркелді
2. Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдар осы Қағидаларда белгіленген көлемде және нысандар бойынша жылдық, жартыжылдық есептілікті жасайды.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 09.02.2016 жылғы № 56 Бұйрығына сәйкес (24.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 10.03.2016 жылы тіркелді
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
3–тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 09.02.2016 жылғы № 56 Бұйрығына сәйкес (24.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 10.03.2016 жылы тіркелді
бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шоғырландырылған қаржылық есептілігі – бұл бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің бірыңғай ұйымның қаржылық есептілігі ретінде ұсынған қаржылық есептілігі;
бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органның шоғырландырылған қаржылық есептілігі - бұл бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органның, төмен тұрған бюджеттердi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың және жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бірыңғай ұйымның қаржылық есептілігі ретінде ұсынған қаржылық есептілігі;
квазимемлекеттік сектордың субъектілеріне инвестициялар – бұл Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік кәсіпорындарға, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге, акционерлік қоғамдарға, оның ішінде қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға, сондай-ақ еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғаларға салынатын бюджет қаражатының салымдары;
элиминирлеу – бюджеттік бағдарламалар әкімшісі және оның ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері арасындағы немесе бір бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер арасындағы, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасындағы өзара операциялар бойынша тең соманы, сондай-ақ жоғары тұрған және төмен тұрған бюджеттердi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдар арасындағы операцияларды алып тастау.
Полная версия
ИС BestProfi