«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-1-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Внимание! Документ утратил силу с 08.08.2015
Міндетті әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектіcі іске асыратын көрсетілетін қызметтерге бағаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1370 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 8 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 16.07.2015 жылғы № 532 Қаулысына сәйкес «Міндетті әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектіcі іске асыратын көрсетілетін қызметтерге бағаларды бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 17.04.2015 жылғы № 235 Бұйрығын қараңыз
1. Қоса беріліп отырған:
1) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтердің бағалары;
2) зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтердің бағалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1370 қаулысымен бекітілген
Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтердің бағасы
Р/с № | Көрсетілетін қызмет атауы | Өлшем бірлігі | Бағасы, ҚҚС қоспағанда, теңгемен |
1 | Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражатынан әлеуметтік төлем алушылардың іс макеттерін қалыптастыру | 1 макет | 2 642,83 |
2 | Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражатынан әлеуметтік төлем сомаларын алушылардың шоттарына аудару | 1 төлем | 202,42 |
3 | Міндетті әлеуметтік аударымдарды және (немесе) олар бойынша өсімпұлды агенттерден Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аудару | 1 төлем тапсырмасы | 7,84 |
4 | Әлеуметтік аударымдардың артық (қате) төленген сомаларын және олар бойынша өсімпұлды төлеушілерге қайтару | 1 төлем тапсырмасы | 594,80 |
5 | Заңды және жеке тұлғаларға ақпараттық көрсетілетін қызметтер ұсыну | 1 ақпарат | 588,79 |
6 | Жәрдемақы мөлшерлері туралы ақпарат беру | 1 ақпарат | 186,77 |
7 | Әлеуметтік төлемдердің саны және орташа сомасы туралы ақпарат беру | 1 ақпарат | 197,13 |
8 | Міндетті әлеуметтік аударымдардың аударылған сомасы туралы агенттерге растау | 1 ақпарат | 219,89 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1370 қаулысымен бекітілген
Зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтердің бағасы
Р/с № | Көрсетілетін қызмет атауы | Өлшем бірлігі | Бағасы, ҚҚС қоспағанда, теңгемен |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Республикалық бюджеттен зейнетақы алушылардың, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың және мемлекеттік арнайы жәрдемақы алушылардың іс макеттерін қалыптастыру | 1 макет | 2 908,34 |
2 | Республикалық бюджеттен жәрдемақы алушылар үшін іс макеттерін қалыптастыру | 1 макет | 2 642,83 |
3 | Республикалық бюджет есебінен төленетін зейнетақы мен жәрдемақы сомаларын алушылардың шоттарына аудару | 1 төлем | 202,42 |
4 | Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлды агенттерден бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару | 1 төлем тапсырмасы | 24,13 |
5 | Міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және (немесе) олар бойынша өсімпұлдың қате төленген сомаларын агенттерге қайтару | 1 төлем тапсырмасы | 484,61 |
6 | Әлеуметтік қамсыздандырудың бірыңғай ақпараттық жүйесін әкімшілендіру | айына 1 қызмет | 7 281 379,70 |
7 | «Мүгедектігі бар тұлғалардың орталықтандырылған деректер қоры» ақпараттық жүйесін әкімшілендіру | айына 1 қызмет | 1 819 666,67 |
8 | Заңды және жеке тұлғаларға ақпараттық көрсетілетін қызмет ұсыну | 1 ақпарат | 588,79 |
9 | Зейнетақы мен жәрдемақы мөлшер туралы ақпарат беру | 1 ақпарат | 186,77 |
10 | Белгілі бір кезеңге 10 % міндетті зейнетақы жарналары аударымдарының саны және орташа сомасы туралы ақпарат ұсыну | 1 ақпарат | 197,13 |
11 | Зейнетақы төлемдерінің саны және орташа сомасы туралы ақпарат беру | 1 ақпарат | 197,13 |
12 | 10 % міндетті зейнетақы жарналарының 3 айдағы айлар бөлінісіндегі аударымдар саны мен сомасы туралы ақпарат | 1 ақпарат | 189,73 |
13 | 10 % міндетті зейнетақы жарналарының 6 айдағы айлар бөлінісіндегі аударымдар саны мен сомасы туралы ақпарат | 1 ақпарат | 207,01 |
14 | 10 % міндетті зейнетақы жарналарының 12 айдағы айлар бөлінісіндегі аударымдар саны мен сомасы туралы ақпарат | 1 ақпарат | 334,01 |
15 | 10 % міндетті зейнетақы жарналарының 36 айдағы айлар бөлінісіндегі аударымдар саны мен сомасы туралы ақпарат | 1 ақпарат | 461,30 |
16 | Салымшылардың саны және олардың аударымдарының мөлшері туралы ақпаратты БСН/СТН бөлінісінде салымшылардың тізімдерімен қоса ұсыну | 1 ақпарат | 219,89 |
17 | Салымшының міндетті зейнетақы жарналарының аударылған сомасы туралы агенттерге растау | 1 ақпарат | 219,89 |
Полная версия