> бұйырамын:
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 22 қаңтардағы № 04-2-4/7 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 31 қаңтарда № 9112 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 29.12.2015 жылғы № 10 Бұйрығына сәйкес Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 22 қаңтардан бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 29.12.2015 жылғы № 12 Бұйрығына сәйкес
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Мемлекеттік қызметшілерді және мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/33 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 20 наурызда № 8381 болып тіркелген, 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 98 (28037) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерді және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру ережесінде:
11-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) біліктілік деңгейін анықтауға тестілеу;»;
27-тармақта:
1) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
««А» корпусының тестілеу бағдарламасы бойынша - 80 минөт (100 сұрақ), 70 минөт (80 сұрақ);»;
2) және 3) тармақшалар алып тасталсын;
Тестілеу нәтижелерінің шекті мәндерінде:
1-тармақ алынып тасталсын;
мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға және мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервіне тұруға үміткерлерге тестілеу бағдарламасында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасы келесіні қамтиды:
1) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген лауазымдарды қоспағанда, лауазымдар үшін - Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (10 сұрақ) конституциялық заңдарын, «Мемлекеттік қызмет туралы» (10 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (10 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (10 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (10 сұрақ) заңдарын бiлуге арналған тест;
2) облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссияларының төрағалары мен мүшелері лауазымдары үшін - Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (10 сұрақ) конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (10 сұрақ), «Мемлекеттік қызмет туралы» (10 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (10 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (10 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (10 сұрақ) заңдарын бiлуге арналған тест;
3) облыстық маңызы бар қалалардың, облыстар аудандарының және қалалардағы аудандардың әкімдері лауазымдары үшін - Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (10 сұрақ) конституциялық заңдарын, «Мемлекеттік қызмет туралы» (10 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (10 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (10 сұрақ) заңдарын бiлуге арналған тест;
4) логикалық тест;
Полная версия