Исламдық арнайы қаржы қомпанияларының бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібін белгілеу мақсатында, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 32-6-бабының 13-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 09.11.2018
Исламдық арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 20 наурыздағы № 25 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2018 жылғы 9 қарашадан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 жылғы № 184 Қаулысына сәйкес
Редакция 28.01.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Исламдық арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігіне және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.
Ұлттық Банк Төрағасы Г. Марченко
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 20 наурыздағы № 25 қаулысымен бекітілген
Исламдық арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарына, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес әзірленді және исламдық арнайы қаржы компанияларының (бұдан әрі – ұйым) бухгалтерлік есепті жүргізуін нақтылайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.07.2015 жылғы № 131 Қаулысына сәйкес (20.03.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.09.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. Осы Нұсқаулықта «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңдарында, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарында көзделген ұғымдар пайдаланылады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 жылғы № 6 Қаулысына сәйкес (17.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
3. Осы Нұсқаулықтың талаптарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына қайшы келмейтін қосымша бухгалтерлік жазбалар жасауға жол беріледі.
2-тарау. Исламдық жалдау сертификаттарын бухгалтерлік
есепке алу
4. Исламдық жалдау сертификаттарын оларды орналастыру нәтижесінде алынған ақша сомасына шығарған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 1030 «Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты»
Полная версия