Близость слов: Окончание:





Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234-III Заңы
Редакция 01.09.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң Қазақстан Республикасында бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiн реттейдi, бухгалтерлiк есептi жүргiзу мен қаржылық есептiлiктi жасаудың принциптерiн, негiзгi сапалық сипаттамалары мен ережелерiн белгiлейдi.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 28.12.2011 жылғы №524-IV Заңымен (21.07.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Заңның мақсаттары үшiн мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) аккредиттеу– уәкiлеттi органның осы Заңда көзделген, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша куәлiкпен расталған бухгалтерлердiң кәсiби ұйымдарының және бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымдардың құқықтылығын тануы;
1-тармақша өзгертілді ҚР 16.05.2014 жылғы № 203-V Заңымен (13.01.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 6 (алты) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.05.2014 жылы № 97 (28321) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тармақша өзгертілді ҚР 24.11.2021 жылғы № 75-VII Заңымен (24.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) бастапқы eceпкe алу құжаттары (бұдан әрi - бастапқы құжаттар) - бухгалтерлiк есеп жүргiзуге негiз болатын, операцияның немесе оқиғаның жасалу фактiсiнiң және оны жасауға берiлген құқықтың қағаз және электрондық жеткiзгiштегi құжаттық растамасы;
3) бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi аккредиттелген ұйым (бұдан әрi – сертификаттау жөнiндегi ұйым) – кәсiби бухгалтерлерге кандидаттарды сертификаттауды жүзеге асыратын, кәсіби ұйымдарды, сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу қағидаларына (бұдан әрі – акредиттеу қағидалары) сәйкес аккредиттелген заңды тұлға;
3-тармақша өзгертілді ҚР 16.05.2014 жылғы № 203-V Заңымен (13.01.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 6 (алты) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.05.2014 жылы № 97 (28321) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-тармақша өзгертілді ҚР 24.11.2021 жылғы № 75-VII Заңымен (24.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) бухгалтерлердiң аккредиттелген кәсiби ұйымы (бұдан әрi – кәсiби ұйым) – бухгалтерлердің және (немесе) бухгалтерлiк ұйымдардың бiрлестiгi болып табылатын, аккредиттеу қағидаларына сәйкес аккредиттелген коммерциялық емес ұйым;
4-тармақша өзгертілді ҚР 16.05.2014 жылғы № 203-V Заңымен (13.01.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 6 (алты) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.05.2014 жылы № 97 (28321) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4-тармақша өзгертілді ҚР 24.11.2021 жылғы № 75-VII Заңымен (24.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) бухгалтерлiк есепке алу тiркелiмдерi - бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiнде көрсету үшiн есепке алуға қабылданған бастапқы құжаттардағы ақпаратты қорытуға, жүйелеуге және жинақтауға арналған нысандар;
6) бухгалтерлiк ұйым - бухгалтерлiк есеп саласында қызмет көрсететiн, кәсiби ұйымның мүшесi болып табылатын ұйым;
6-1) еншілес ұйым – халықаралық стандарттарға сәйкес негізгі ұйымның бақылауындағы ұйым деп танылатын және халықаралық стандарттар бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау үшін негізгі ұйымның қаржылық есептілігін ұсынатын ұйым;
1-бап 6-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 24.11.2015 жылғы № 422-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
7) жария мүдделі ұйымдар – қаржы ұйымдары (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды, «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3-1-тармағында көрсетілген кепілсіз микрокредиттер бермейтін, шаруашылық серіктестігі нысанында құрылған кредиттік серіктестіктерді және ломбардтарды, сондай-ақ шаруашылық серіктестігі нысанында құрылған микроқаржы ұйымдарын қоспағанда), акционерлік қоғамдар (коммерциялық еместерін қоспағанда), жер қойнауын пайдаланушы ұйымдар (кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін ұйымдардан басқа), астық қабылдау кәсіпорындары, шаруашылық жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік монополия, арнаулы құқық субъектілері, сондай-ақ жарғылық капиталдарында мемлекеттің қатысу үлесі бар ұйымдар және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олармен үлестес болып табылатын еншілес, тәуелді және өзге де заңды тұлғалар;
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 09.04.2016 жылғы № 502-V Заңына сәйкес (24.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.04.2016 жылы № 76 (28804) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7-тармақша өзгертілді ҚР 03.07.2019 жылғы № 262-VІ Заңымен (02.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (29.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-тармақша өзгертілді ҚР 03.01.2022 жылғы № 101-VII Заңымен (24.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 14.07.2022 жылғы № 141-VII Заңына сәйкес (12.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-тармақша өзгертілді ҚР 06.04.2024 жылғы № 71-VIII Заңымен (14.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.06.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-1) Кәсіби бухгалтерлердің әдеп кодексі (бұдан әрі – Әдеп кодексі) – Халықаралық бухгалтерлер федерациясы шығарған, кәсіби бухгалтерлердің, бухгалтерлік және кәсіби ұйымдардың кәсіптік қызметін жүзеге асыруы кезіндегі мінез-құлқының әдеп қағидаларының жинағы;
1-бап 8-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 13.05.2020 жылғы № 325-VІ Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 15.11.2020 жылдан бастап)
8-1-тармақша өзгертілді ҚР 06.04.2024 жылғы № 71-VIII Заңымен (14.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.06.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) кәсіби бухгалтер – кәсіби ұйымның мүшесі болып табылатын, кәсіби бухгалтер сертификаты бар жеке тұлға;
8-тармақша өзгертілді  ҚР 26.12.2012 жылғы 61-V Заңымен ( 26.11.2012 ж. редакцияны қараңыз)(2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі)
9) кәсiби бухгалтер сертификаты (бұдан әрi - сертификат) - сертификаттау жөнiндегi ұйым берген, бухгалтердiң кәсiби бiлiктiлiгiн куәландыратын құжат;
10) қаржылық есептілік депозитарийі (бұдан әрі – депозитарий) – жылдық қаржылық есептілік және ұйымдар жыл сайын беріп отыратын аудиторлық есептер, ақционерлік қоғамдардың үлестес тұлғаларының тізімі, сондай-ақ акционерлік қоғамдардың корпоративтік оқиғалары туралы ақпарат қамтылатын, пайдаланушылар үшін ашық қолжетімді электрондық деректер базасы;
10-тармақша өзгертілді ҚР 24.11.2015 жылғы № 422-V Заңымен (12.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
11) қаржылық есептiлiк стандарты - бухгалтерлiк есеп жүргiзу және қаржылық есептiлiк жасау принциптерi мен әдiстерiн белгiлейтiн құжат;
12) қаржылық есептiлiктiң ұлттық стандарттары (бұдан әрi - ұлттық стандарттар) - қаржылық есептiлiктiң уәкiлеттi орган бекiткен стандарттары;
Полная версия
ИС BestProfi