«2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2015
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 97 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 19.02.2015 жылғы № 82 Қаулысына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері бюджет қаражатының уақтылы және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 97 қаулысымен бекітілген
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің мынадай:
100 «Арнаулы әлеуметтік қызметтер стандарттарын енгізу»;
101 «Үкіметтік емес секторда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру» кіші бағдарламаларын қоспағанда, 038 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалары бюджеттеріне халықты әлеуметтік қорғауға және көмек көрсетуге арналған ағымдағы нысаналы трансферттер» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша халықты әлеуметтік қорғауға және көмек көрсетуге республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібін айқындайды.
3. Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану бюджет заңнамасына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі шараларды қаржыландыруды және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыратын еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық уәкілетті орган;
2) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары – өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды мемлекеттік қолдаудың мемлекет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын шаралары;
3) ассистенттер – шартты ақшалай көмек алу үшін кент, село, селолық округ әкіміне (бұдан әрі – селолық округ әкімі) жүгінген үміткермен консультациялар өткізу, әңгімелесу, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын іске асыру кезеңінде адамды (отбасын) сүйемелдеу, атқарылған жұмыс туралы мониторинг жүргізу және есеп жасау үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі шарт негізінде тартатын адамдар;
4) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – атаулы әлеуметтік көмек) – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке адамдарға (отбасыларға) мемлекет ақшалай нысанда беретін төлем;
5) өтініш берілген күні – барлық қажетті құжаттармен уәкілетті органға немесе селолық округ әкіміне шартты ақшалай көмек тағайындауға өтініш берілген ай;
Полная версия