Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.04.2016
"Сот-наркологиялық сараптаманы өндіру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 165 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 31 қаңтардағы № 54 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 4 наурызда № 9189 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 18 сәуірден бастап ҚР Әділет министрінің 24.02.2016 жылғы № 94 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 31 қаңтардағы № 54 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 4 наурызда № 9189 тіркелді
«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
1. «Сот-наркологиялық сараптаманы өндіру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 165 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6142 болып тіркелген, 2010 жылғы 29 қарашада «Казахстанская правда» газетінің № 325 (26386) нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот-наркологиялық сараптаманы өндіру жөніндегі нұсқаулықта:
«14. Сот-наркологиялық сараптама қызметінің субъектілеріне:
сот-наркологиялық сараптама органының басшысы;
комиссиялық сот-наркологиялық сараптаманы өндіру кезінде жетекші сот-наркологиялық сарапшысы;
сот-наркологиялық сарапшы не лицензия негізінде сот-наркологиялық сараптаманы өндіру бойынша қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға жатады.»;
«21. Сот–наркологиялық сараптама зерттеулерінің нәтижелері бойынша осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сарапшының жазбаша қорытындысы жасалады, оны өздерінің жеке қолдарымен және жеке мөрлерімен куәландырады.
Сот-наркологиялық сараптаманы сот-наркологиялық сараптама органы өндірген жағдайда сот-наркологиялық сарапшылардың қолы, көрсетілген органның мөрімен расталады»;
«34. Қорытындыны берудің мүмкін болмауы туралы хабарлама осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес ресімделеді:
Оны ресімдеу күні, сот-наркологиялық сараптаманы өндіру орны мен мезімдері;
сот-наркологиялық сараптаманы тағайындаған тұлға туралы мәліметтер;
сот-наркологиялық сараптаманы өндіру негіздері;
сот-наркологиялық сараптама органы туралы не сот-наркологиялық сараптама органның қызметкері немесе сот-наркологиялық сарапшы (сарапшылар) туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), білімі, сарапшылық мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, лауазымы);
көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауапкершілігі жөнінде ескертілгені туралы сот-наркологиялық сарапшының (сарапшылардың) қолымен куәландырылған белгі;
Полная версия
ИС BestProfi