Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережені бекіту жөнінде
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 588 Жарлығы
Редакция 28.02.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 28.02.2024 жылғы № 491 Жарлығына сәйкес (03.01.2024 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы орталығы туралы» (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 50, 572-құжат) 2003 жылғы 29 желтоқсандағы № 435 және «Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы № 435 өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 8 сәуірдегі № 544 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 18, 207-құжат) өкімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 24 маусымдағы
№ 588 Жарлығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ЕРЕЖЕ
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 12.02.2014 жылғы № 750 Жарлығымен (24.06.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 11.04.2014 жылғы № 795 Жарлығымен (12.02.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 04.05.2014 жылғы № 814 Жарлығымен (11.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 29.08.2014 жылғы № 900 Жарлығымен (04.05.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 17.09.2014 жылғы № 911 Жарлығымен (29.08.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 06.04.2015 жылғы № 1031 Жарлығымен (17.09.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 06.10.2017 жылғы № 557 Жарлығымен (06.04.2015 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 01.06.2019 жылғы № 57 Жарлығымен (06.10.2017ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 18.09.2019 жылғы № 163 Жарлығымен (01.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 28.10.2019 жылғы № 195 Жарлығымен (18.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 20.02.2021 жылғы № 515 Жарлығымен (28.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 17.05.2022 жылғы № 893 Жарлығымен (20.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 03.01.2024 жылғы № 429 Жарлығымен (17.05.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 28.02.2024 жылғы № 491 Жарлығына сәйкес (03.01.2024 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы (бұдан әрі - Терроризмге қарсы орталық) Қазақстан Республикасында экстремизмге және терроризмге қарсы тиімді іс-қимыл жасау үшін қажетті және жеткілікті жағдай жасау, қолдау және дамыту мақсатында, соның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының осы саладағы келісілген іс-қимылдарын қамтамасыз ету үшін экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жанынан құрылатын, тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Терроризмге қарсы орталық қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен өзге де нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ осы Ереже құрайды.
2-тарау. Терроризмге қарсы орталықтың негізгі міндеттері, функциялары мен өкілеттігі
2. Терроризмге қарсы орталықтың негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының Президентіне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау;
2) мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары үшін экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы тұжырымдамалық тәсілдерді әзірлеу, негізгі басымдықтарды айқындау, практикалық шараларды тұжырымдау;
3) мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының экстремизмнің және терроризмнің профилактикасы, экстремистік әрекеттер мен террористік іс-әрекеттерді анықтау, жолын кесу, экстремистік және террористік қылмыстарды ашу және тергеп-тексеру, терроризмнің зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою бойынша қызметін үйлестіру, сондай-ақ олардың қоғамдық бірлестіктермен және ұйымдармен экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы өзара іс-қимылдарын ұйымдастыру;
4) террористік қатерлер мен көріністердің мониторингі, оларды бағалау және болжау;
5) терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штабтың қызметін ұйымдастыру;
6) экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл саласында халықаралық озық тәжірибені өндіру;
Полная версия
ИС BestProfi