1) адамдар көп жиналатын объектілер – қоғамдық тамақтану, көліктік инфрақұрылым (автомобильдік және қалалық рельсті көлік саласындағы) объектілері, сондай-ақ сауда, спорт, ойын-сауық объектілері, концерт залдары және өзге де көпшілікке арналған құрылысжайлар, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары, туристерді орналастыру орындары;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 13.05.2020 жылғы № 325-VІ Заңына сәйкес (12.07.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 15.11.2020 жылдан бастап)
3) кепілге алынған адам – кепілге алынған және (немесе) ұсталған адамды босату шарты ретінде мемлекеттік органды, жергілікті өзін-өзі басқару органын немесе халықаралық ұйымды қандай да бір іс-қимыл жасауға немесе қандай да бір іс-қимыл жасаудан тартынуға мәжбүрлеу мақсатында кепілге алынған және (немесе) ұсталған жеке адам;
3-1) күзетілетін объектілер – күзетілетін адамдардың болуына арналған ғимараттар, құрылыстар мен құрылысжайлар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күзететін өзге де ғимараттар, құрылыстар мен құрылысжайлар, сондай-ақ оларға іргелес жатқан аумақ пен акватория;
1-тармақ 3-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 13.05.2020 жылғы № 325-VІ Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 15.11.2020 жылдан бастап)
3-1-тармақ өзгертілді ҚР 23.12.2023 жылғы № 51-VIII Заңымен (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) күш қолдану идеологиясы – күш қолдануды, оның ішінде саяси, діни, идеологиялық және өзге де мақсаттарға қол жеткізу үшін террористік әдістер мен құралдарды пайдалана отырып күш қолдануды жақтайтын қоғамдық теориялар, көзқарастар мен идеялар жүйесі;
5) терроризм – күш қолдану идеологиясы және халықты үрейлендіруге байланысты және жеке адамға, қоғам мен мемлекетке залал келтіруге бағытталған күш қолдану және (немесе) өзге де қылмыстық әрекеттерді жасау не жасаймын деп қорқыту жолымен мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының немесе халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына әсер ету практикасы;
6) терроризм актісі – адамдардың қаза табу қаупін төндіру, едәуір мүліктік залал келтіру не қоғамға қауіпті өзге де салдарлардың туындау қаупін төндіретін жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттер жасау немесе жасаймын деп қорқыту, егер бұл іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың шешімдер қабылдауына әсер ету мақсатында жасалса, сондай-ақ нақ сол мақсаттарда адам өміріне қастандық жасау, сол сияқты мемлекет немесе қоғам қайраткерінің мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында оның өміріне қастандық жасау;
6-1) терроризм актісін жасауға шақыру – жария түрде айтылған немесе таратылатын ақпараттық материалда көрініс тапқан, жеке тұлғаны терроризм актісін жасауға итермелеу мақсатында оның санасына, еркіне және мінез-құлқына әсер ететін үндеу;
1-бап 6-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 03.11.2014 жылғы № 244-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.11.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7) терроризмге қарсы операция – адам күшін, қызметтік иттерді, жауынгерлік және өзге де техниканы, қару мен арнайы құралдарды пайдалана отырып, терроризм актісінің алдын алу, жолын кесу, террористерді, жарылғыш құрылғыларды зиянсыздандыру, жеке тұлғалар мен ұйымдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ терроризм актісінің салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі арнайы іс-шаралар кешені.
7-тармақша өзгертілді ҚР 04.07.2014 жылғы № 233-V Заңымен (10.06.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.07.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шаралары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының шешімі бойынша осы Заңға сәйкес терроризмге қарсы операциялар шеңберінде өткізіледі;
8) терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі – терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың жұмыс істеуінің айрықша режимі, бұл кезде терроризмге қарсы операция өткізілетін аймақта терроризмге қарсы операцияны өткізу кезеңіне жекелеген шаралар, азаматтардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарына уақытша шектеулер белгілеуге жол беріледі;
9) терроризмге қарсы операцияны өткізу аймағы – терроризмге қарсы операцияның басшысы айқындаған, шегінде аталған операция өткізілетін жердің немесе акваторияның жекелеген учаскелері, әуе кеңістігі, көлік құралы, үй, құрылыс, ғимарат, үй-жай және оларға іргелес аумақтар;
10-тармақша өзгертілді ҚР 03.11.2014 жылғы № 244-V Заңымен (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.11.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды