Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 744 Жарлығы
Редакция 31.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) және 3) тармақшаларына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мына ведомстволары:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржылық қызметтерді
тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті таратылсын.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін, қоса берілген өзгерістер бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы Жарлықтан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2014 жылғы 30 қаңтардағы
№ 744 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 31.07.2023 жылғы № 290 Жарлығымен (30.01.2014 ж. редакцияны қараңыз) 
2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 640-құжат; 2005 ж., № 39, 555-құжат; 2006 ж., № 35, 373-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2008 ж., № 3, 38-құжат; № 35, 364-құжат; 2009 ж., № 15, 106-құжат; № 55, 446-құжат; 2011 ж., № 29, 352-құжат; № 34, 408-құжат; № 52, 710-құжат; 2013 ж., № 8, 169-құжат; № 30, 455-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережеде:
3-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының өкілді және атқарушы билік органдары Қазақстан Ұлттық Банкінің, оның филиалдарының, өкілдіктерінің және ұйымдарының заңнамамен бекітілген өкілеттіктерін іске асыру жөніндегі қызметіне араласуға құқылы емес»;
Полная версия
ИС BestProfi