«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
Внимание! Документ утратил силу с 23.08.2015
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2014 жылғы 10 ақпандағы № 23 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 13 наурызда № 9210 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 23 тамыздан бастап ҚР Энергетика министрінің м.а. 29.05.2015 жылғы № 380 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса берілген:
1) «Ұңғымалар объектісін сынау, кен орнын сынамалық пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-ретке келтіру, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Теңіз құрылыстарын салуға немесе орналастыруға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) «Теңiзде iздестiру, барлау, пайдалану ұңғымасын немесе өзге де ұңғыманы бұрғылауға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
4) «Қойнау-қатiшiлiк қысымды ұстап тұру үшiн ілеспе және табиғи газды бастырмалатуға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;
5) «Теңізде мұнай-газ құбырларын салу, монтаждау немесе төсеу жөніндегі жұмыстарға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес;
6) «Тау-кен, мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалауға (технологиялық) лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес;
7) «Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Мемлекеттік қызметті көрсету регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2012 жылғы 24 тамыздағы № 145 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7954 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 28 қарашада № 778-784 (27855) жарияланды);
«Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, мұнайгаз өңдеу өндірістерін жобалауға (технологиялық), магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалануға арналған лицензияларды беру, қайта ресімдеу, лицензиялар дубликаттарын беру» электрондық мемлекеттік қызметтің регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 182 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8222 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 6 наурыздағы № 81 (28020) жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті (Момышев Т.А.) мыналарды:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберуді;
3) бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеге жариялау үшін қағаз және электронды тасығыш арқылы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдануын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мұнай және газ вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Полная версия

