«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметіқаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 08.06.2015
Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 420 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 8 маусымнан бастап ҚР Үкіметінің 25.04.2015 жылғы № 317 Қаулысына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 ақпандағы № 129 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 16, 275-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1363 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., №72, 951-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 31-тармағы.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 420 қаулысымен бекітілген
Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және агроөнеркәсіптік кешен(бұдан әрі - АӨК) субъектілерінің кредит/лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау тәртібі мен шарттарын айқындайды.
2. Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялаудың негізгі мақсаты АӨК субъектілеріне қаржылыққызметтердің қолжетімділігін арттыру болып табылады.
2. Терминдер мен анықтамалар
3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі (бұдан әрі - әкімші) - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
2) комиссия - әкімшінің мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдардың, қаржы институттары мен мүдделі, салалық қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысатын әкімші басшысының орынбасары басқаратын консультациялық-кеңесші орган;
3) кредит - айналым қаражатын толықтыру, негізгі құралдарды сатып алу және құрылыс үшін қаржы институты қарыз алушыға ақылылық, жеделділік, қамтамасыз етушілік және қайтарымдылық шартымен ұсынатын ақша сомасы;
4) кредиттік шарт - қаржы институты мен қарыз алушы арасында жасалатын шарт, оның шарттарына сәйкес қаржы институты кредит/лизинг ұсынады;
5) қаржы институттары - екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларын жүзеге асыру құқығына лицензиялары бар кредиттік ұйымдар, сондай-ақ АӨК саласындағы лизингтік компаниялар менкредиттік серіктестіктер;
Полная версия