Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.04.2014
Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2013 жылғы 13 ақпандағы № 129 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 03.06.2014 жылдан бастап ҚР Үкіметінің 29.04.2014 жылғы № 420 Қаулысына сәйкес
Редакция 25.02.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына және «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын өтеу бойынша субсидиялау қағидалары бекітілсін.
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.09.2013 жылғы № 983 Қаулысымен (13.02.2013 ж. редакцияны караңыз)  (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.11.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 25.02.2014 жылғы № 150 Қаулысымен (20.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.05.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі              С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 13 ақпандағы
№ 129 қаулысымен
бекітілген
Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын өтеу бойынша субсидиялау қағидалары
1. Осы Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын өтеу бойынша субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 11-бабына және «2013–2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 23 қарашадағы Заңының 14-бабына сәйкес әзірленген және қарыз алушылардың кредиттер (лизинг) бойынша проценттік ставкаларды төлеуге жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеуге 213 «Қайта өңдеу өндірісін даму» бағдарламасының (бұдан әрі - бағдарлама) 100 «Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған несие (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын өтеу» кіші бағдарламасы шеңберінде 2013–2015 жылдарға арналған қаражат есебінен және шегінде республикалық бюджеттен көзделген субсидиялар беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі; 
2) қаржы институттары – екінші деңгейдегі банктер, банк қызметін жүзеге асыру құқығына тиісті лицензиясы бар кредиттік ұйымдар, лизингтік компаниялар;
3) қарыз алушы – меншік нысанына қарамастан, шаруа (фермер) қожалықтарын қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен, азық-түлік тауарларын өндірумен айналысатын жеке, заңды тұлға, меншігінде сервистік дайындау орталығы бар заңды тұлға және ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, сақтау, тасымалдау және өткізу қызметтерін көрсететін селолық тұтыну кооперативі; 
4) кредит (лизинг) – қаржы институты қарыз алушыға кредиттік келісім негізінде ұсынатын ақша сомасы (лизинг нысанасы);
5) кредиттік келісім – қаржы институты мен қарыз алушы арасында жасалған қарыз (қаржы лизингі) шарты;
6) сыйақы ставкасы – қаржы институты мен қарыз алушы арасындағы кредиттік келісімде кредитті (лизингті) пайдаланғаны үшін белгіленген сыйақы мөлшері.
2. Субсидия берілетін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін (қайта өңдейтін) кіші салалар және шығындардың түрлері
3. Қаржылық қолдау көрсету мақсатында субсидия республикалық бюджет қаражаты есебінен мынадай басым бағыттар бойынша беріледі:
Полная версия
ИС BestProfi