Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 - 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 наурыздағы № 414 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 666 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.04.2015 жылғы № 238 Қаулысына сәйкес
1. «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 – 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 наурыздағы № 414 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 41, 550-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 – 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері» деген 3-бөлімде:
«1-стратегиялық бағыт. Дене шынықтырумен және спортпен айналысу арқылы қазақстандықтардың саламатты өмір салтын қалыптастыру» деген кіші бөлімде:
«Елде бұқаралық спортты дамыту» деген 1.1-мақсатта:
нысаналы индикаторда:
реттік нөмірлері 2, 3, 4, 5-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
2. Балалар мен жеткіншектердің жалпы санына қатысты дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын балалар мен жеткіншектерді қамту | Әкімшілік есепке алу, ведомстволық статистикалық деректер | % | 9,5 | 10,6 | 11,0 | 12,5 | 13,0 | 13,5 | 14,0 |
3. Мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдердің айқындығы | ДЭФ ЖБИ деректері | орын | - | 53 | 32 | 29 | 28 | 27 | 26 |
4. Саяси шешімдер қабылдаудағы фаворитизм | ДЭФ ЖБИ деректері | орын | - | - | - | 77 | 76 | 75 | 74 |
5. Саясаткерлерге қоғамның сенімі | ДЭФ ЖБИ деректері | орын | - | - | - | 35 | 34 | 33 | 32 |
»;
«Адамдарды күн сайын дене шынықтыру-сауықтырумен айналысуға тарту» деген 1.1.1-міндетте:
тікелей нәтижелер көрсеткіштерінде:
реттік нөмірлері 1, 2-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
1. Оқушылардың жалпы санынан спорт секцияларында шұғылданатын орта білім беру ұйымдарындағы оқушылардың үлесі | Әкімшілік есепке алу, ведомстволық статистикалық деректер | % | 21,5 | 22,0 | 22,5 | 27,7 | 27,9 | 28,1 | 28,3 |
2. Оқушылардың жалпы санынан спорт секцияларында шұғылданатын ЖОО-дағы оқитындардың үлесі | Әкімшілік есепке алу, ведомстволық статистикалық деректер | % | 23,0 | 24,0 | 25,5 | 46,5 | 46,7 | 46,9 | 47,1 |
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмерлері 7, 8-жолдармен толықтырылсын:
«