Близость слов: Окончание:





Осы редакция 24.12.2001 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қоғамдық бiрлестiктер туралы Қазақстан Республикасының Заңы. 1996 жылғы 31 мамырдағы N 3-I
Бiрлесу бостандығына құқық адам мен азаматтың аса маңызды және конституциялық құқықтарының бiрi болып табылады, оның iске асырылуы қоғам мүдделерiне сай келедi және мемлекеттiң қорғауында болады.
1-бап. Осы Заңмен реттелетiн мәселелер
Осы Заңмен реттелетiн мәселелер - Қазақстан Республикасы азаматтарының бiрлесу бостандығына құқығын iске асыруға, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiктердiң құрылуына, қызметiне, қайта ұйымдастырылуына және таратылуына байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастар.
2-бап. Қоғамдық бiрлестiк ұғымы Қазақстан Республикасында саяси партиялар, кәсiптiк одақтар және азаматтардың ортақ мақсаттарға жету үшiн ерiктi негiзде құрылған, заңдарға қайшы келмейтiн басқа да бiрлестiктерi қоғамдық бiрлестiктер деп танылады. Қоғамдық бiрлестiктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.
3-бап. Қоғамдық бiрлестiктер туралы заңдар Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен оған қайшы келмейтiн басқа да заң актiлерiнен тұрады.
Осы Заңның күшi азаматтардың бастамасымен құрылған барлық қоғамдық бiрлестiктерге қолданылады, бұған дiни бiрлестiктер, құрылу тәртiбi мен қызметi өзге заң актiлерiмен белгiленетiн аумақтық өзiн-өзi басқару органдары мен қоғамдық ынталы органдар кiрмейдi.
Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасы аумағында құрылған және жұмыс iстейтiн шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) қызметiне қолданылады, бұған дiни бiрлестiктер кiрмейдi.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық актiде осы Заңда баяндалғаннан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық актiнiң ережелерi қолданылады.
Саяси партиялардың кәсiптiк одақтардың және басқа да жекелеген қоғамдық бiрлестiктер түрлерiнiң құрылуына, қызметiне, қайта ұйымдастырылуына және таратылуына байланысты ерекшелiктер өзге заң актiлерiмен реттелуi мүмкiн. Аталған қоғамдық бiрлестiктердiң өзге заң актiлерiмен реттелмеген қызметi осы Заңмен реттеледi.
4-бап. Мемлекет және қоғамдық бiрлестiктер
Мемлекет қоғамдық бiрлестiктердiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi.
Қоғамдық және мемлекеттiк институттардың қосылуына, мемлекеттiң қоғамдық бiрлестiктер iстерiне және қоғамдық бiрлестiктердiң мемлекет iстерiне заңсыз араласуына, қоғамдық бiрлестiктерге мемлекеттiк органдардың мiндеттерiн жүктеуге және қоғамдық бiрлестiктердi мемлекеттiң қаржыландыруына жол берiлмейдi.
Қоғамдық бiрлестiктер мемлекеттiк органдармен ынтымақтасуы және өзара iс-қимыл етуi, олармен келiсiмдер жасасуы мүмкiн, мемлекеттiк органдармен шарттар бойынша олар үшiн заңдарда көзделген белгiлi бiр жұмыстар орындауы мүмкiн.
Қоғамдық бiрлестiктер аппараттарының жалданып жұмыс iстейтiн қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының еңбек, әлеуметтiк қорғау және әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдары қолданылады.
Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда қоғамдық бiрлестiктердiң мүдделерiн қозғайтын мәселелердi қоғамдық бiрлестiктермен келiсе отырып, мемлекеттiк органдар шешуi мүмкiн.
5-бап. Қоғамдық бiрлестiктер қызметiнiң негiздерi
Қоғамдық бiрлестiктер азаматтардың саяси, экономикалық, әлеуметтiк және мәдени құқықтары мен бостандықтарын iске асыру мен қорғау, белсендiлiгi мен ынталылығын дамыту; кәсiби және әуесқойлық мүдделерiн қанағаттандыру, ғылыми, техникалық және көркем шығармашылығын дамыту, адамдардың өмiрi мен денсаулығын сақтау, қоршаған табиғи ортаны қорғау; қайырымдылық қызметке қатысу; мәдениет-ағарту, спорт-сауықтыру жұмыстарын жүргiзу; тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау; патриоттық және адамгершiлiк тәрбие беру; халықаралық ынтымақтастық кеңейту және нығайту; Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де қызметтi жүзеге асыру мақсаттарында құрылып, жұмыс iстейдi.
Полная версия
ИС BestProfi