Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.04.2015
Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ережесін және құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының 2014 жылғы 24 мамырдағы № 48 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 10.04.2015 жылғы № 435 Бұйрығына сәйкес 
«Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 тамыздағы № 799 қаулысымен бекітілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу қағидаларының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы құрылсын.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының бірінші орынбасары С.С. Сарсеновке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді, таратуға жатады.
Қазақстан Республикасы
 Байланыс және ақпарат
 агенттігі төрағасының
 2014 жылғы 24 мамырдағы
 № 48 бұйрығына
 1-қосымша
Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілуге жататын
мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық
комиссияның құрамы

1.

Сарсенов

Сәкен Сейітжаппарұлы

-

Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының бірінші орынбасары, төраға;

 

2.

Оспанов

Абылайхан Есенұлы

-

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің Электронды қызметтерді және халыққа қызмет көрсету орталықтарын дамыту департаментінің директоры, төрағаның орынбасары;

 

3.

Хакимова

Айгүл Мэлсқызы

-

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің Электронды қызметтерді және халыққа қызмет көрсету орталықтарын дамыту департаментінің Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру басқармасының басшысы - хатшы;

 

4.

Мамажанова

Әсел Ерболқызы

-

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің Электронды қызметтерді және халыққа қызмет көрсету орталықтарын дамыту департаменті директорының орынбасары;

 

5.

Тоқсейітова

Гүлнар Мүслімқызы

-

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша);

 

6.

Қайырбекова

Алиса Әбділқызы

-

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры (келісім бойынша);

 

7.

Табергенова

Айгүл Олжабайқызы

-

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті директорының орынбасары (келісім бойынша);

 

8.

Ахметжанов

Саян Кылышұлы

-

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша);

 

9.

Берикова

Светлана Берікқызы

-

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Инспекция және бақылау бөлімі Мемлекеттік қызметтерді бағалау және бақылау секторының меңгерушісі (келісім бойынша);

 

10.

Уйсумбаев

Илдар Бахытұлы

-

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет персоналын басқару бөлімі Персоналды басқару секторының бас консультанты (келісім бойынша);

 

11.

Досмұратова

Нұргүл Ғинаятоллақызы

-

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Стратегиялық даму департаментінің директоры (келісім бойынша);

 

12.

Есілбаева

Анар Маратқызы

-

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Стратегиялық даму департаменті жоспарлар мен мемлекеттік қызметтер мониторингі басқармасының басшысы (келісім бойынша);

 

13.

Ғұбайдуллаев

Мейірман Қайроллаұлы

-

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті мемлекеттік қызметтер көрсету саласын мониторингілеу және үйлестіру басқармасының бас сарапшысы (келісім бойынша);

 

14.

Тлеубаев

Арманбек Кенесұлы

-

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша);

 

15.

Айгүл Серікқызы

Байжанова

-

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу мен техникалық түгендеуді бақылау басқармасының бас сарапшысы (келісім бойынша);

 

16.

Сек

Олег Леонтьевич

-

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігін бағалау орталығының Мемлекеттік қызметтер көрсетілуін бағалау секторының меңгерушісі (келісім бойынша);

 

17.

Жүнісов

Марат Жаңабайұлы

-

«Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы департаментінің үйлестірушісі (келісім бойынша);

 

18.

Үстеміров

Ербол Лесбекұлы

-

Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының Қоғамдық мониторинг департаменті директорының орынбасары (келісім бойынша);

 

19.

Балташева

Әсемгүл Серікқызы

-

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары;

 

20.

Әубәкірова

Айнаш Кәменқызы

-

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметі департаментінің директоры.

Қазақстан Республикасы
 Байланыс және ақпарат агенттігінің
 2014 жылғы 24 мамырдағы
 № 48 бұйрығына 2-қосымша
Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік 
қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық 
комиссия туралы 
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже (бұдан әрі - Ереже), Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының мақсаты мен міндеттерінің тәртібін анықтайды (бұдан әрі - ведомствоаралық комиссия).
2. Ведомствоаралық комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясымен және өзге де заңнамалық актілермен, Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 тамыздағы № 799 қаулысымен бекітілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу қағидаларын басшылыққа алады.
3. Ведомствоаралық комиссияның негізгі міндеті мүдделі мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың ұсыныстары бойынша қалыптасқан мемлекеттік қызметтердің тізбесін қарау нәтижесінің негізінде халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу болып табылады.
2. Ведомствоаралық комиссияны қалыптастыру тәртібі
4. Ведомствоаралық комиссия мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдары өкілдерінің есебін қалыптастырады.
5. Ведомствоаралық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ болуы тиіс.
3. Ведомствоаралық комиссияның жұмысын ұйымдастыру
6. Ведомствоаралық комиссиясын төраға - Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының бірінші орынбасары басқарады.
Ведомствоаралық комиссияның төрағасы болмаған уақытта, оның функцияларын оның орынбасары атқарады.
7. Ведомствоаралық комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі болып табылады.
Ведомствоаралық комиссияның хатшысы арқылы Ведомствоаралық комиссияның жұмыс органы Ведомствоаралық комиссияның қызметін ұйымдастырушылық - техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
1) жыл сайын 20 ақпаннан кешіктірмей мемлекеттік органдар ұсынған мемлекеттік қызметтердің сараптамасы негізінде, Ведомствоаралық комиссиясында қарау үшін Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген өлшемдер бойынша ХКҚО арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтердің тізбесін (бұдан әрі - тізбе) қалыптастырады.
2) жыл сайын 20 наурыздан кешіктірмей, қалыптастырылған тізбені ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізеді.
9. Ведомствоаралық комиссияның отырысы Ведомствоаралық комиссияның торағасы белгілеген күні өткізіледі.
Ведомствоаралық комиссия оның отырысында мүшелерінің ең кемі үштен екісі қатысқан жағдайда ғана шешім қабылдайды.
10. Ведомствоаралық комиссия тізбені қарау қорытындысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің орындылығы туралы оң немесе теріс қорытынды шығарады.
11. Ведомствоаралық комиссияның шешімдері, отырысқа қатысып отырған Ведомствоаралық комиссиясы мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауысымен қабылданды.
Ведомствоаралық комиссияның әрбір мүшесі бір дауысқа ие, дауыстар тең болған жағдайда, Ведомствоаралық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Ведомствоаралық комиссияның мүшелері Ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамасына енгізілетін ерекше пікір білдіруге құқылы.
12. Қажетті кеңестер алу мақсатында Ведомствоаралық комиссиясының отырысында мемлекеттік органдардың және жұмыс органдардың өкілдері қатыса алады.
13. Отырыс қорытындыларының нәтижесі бойынша Ведомствоаралық комиссияның хатшысы Ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамасын жасайды.
14. Отырыстың хаттамасына Ведомствоаралық комиссиясының отырысын өткізгеннен кейін 5 жұмыс күнінен кешіктірмей, отырысқа қатысқан Ведомствоаралық комиссияның мүшелері және Ведомствоаралық комиссияның хатшысы қол қоюы тиіс.
4. Ведомствоаралық комиссия төрағасының және мүшелерінің өкілеттігі
15. Ведомствоаралық комиссияның төрағасы:
1) Ведомствоаралық комиссия отырысының күн тәртібін бекітеді;
2) Ведомствоаралық комиссия отырысының күнін болжамдаған отырыс өткізу күніне дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей тағайындайды;
3) Ведомствоаралық комиссияның жалпы жұмысын ұйымдастырады және оның отырыстарында төрағалық етеді;
4) Ведомствоаралық комиссияның қызметі үшін қажетті өзге де функцияларды жүзеге асырады.
16. Ведомствоаралық комиссияның мүшелері:
Ведомствоаралық комиссияның отырысында қарауға шығарылған мәселелерді талқылауға қатысады;
Дауыс беру жолымен Ведомствоаралық комиссияның отырысына шығарылған мемлекеттік қызметтер бойынша шешім қабылдауға қатысады.
Полная версия
ИС BestProfi