Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 23.04.2021
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) Қаржы полициясы академиясына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының 2014 жылғы 6 мамырдағы № 164 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 11 маусымда № 9495 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 23 сәуірден бастап ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 17.02.2021 жылғы № 63 Бұйрығына сәйкес 
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 9-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 қаулысымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) (бұдан әрі - Агенттік) Қаржы полициясы академиясына оқуға қабылдау қағидалары бекітілсін.
2. Кадрлар басқармасы Қаржы полициясы академиямен бірлесіп осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
___________ А. Сәрінжіпов
2014 жылғы 6 мамыр
Қазақстан Республикасы
Экономикалық қылмысқа және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес агенттігі (қаржы полициясы)
Төрағасының бұйрығымен бекітілген
2014 жылғы 6 мамырдағы № 164
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) Қаржы полициясы академиясына оқуға қабылдау қағидалары
1. Осы Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) Қаржы полициясы академиясына оқуға қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңына және Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 қаулысына сәйкес әзірленді және Қаржы полициясы академиясының (бұдан әрі – Академия) магистратурасына және докторантурасына үміткерлерді қабылдау тәртібін анықтайды.
2. Академияның магистранттары мен докторанттарының контингентін қалыптастыру жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру арқылы жүзеге асырылады.
3. Академияның магистратурасы мен докторантурасына оқуға үміткерлерді қабылдау түсу емтихандарының қорытындысы бойынша конкурстық негiзде жүзеге асырылады.
4. Магистратураға және докторантурасына оқуға түсушілердің құжаттарын қабылдау жыл сайын 10 - 30 шiлде аралығында жүргiзiледi.
Академияның магистратурасына және докторантурасына түсу емтихандары жыл сайын 10 - 20 тамыз аралығында, қабылдау 25 тамызға дейiн жүргiзiледi.
2. Қаржы полициясы академиясының магистратурасына және
докторантурасына оқуға қабылдау тәртiбi
5. Академияның магистратурасына жоғары білім берудің кәсiптiк оқу бағдарламаларын меңгерген қаржы полициясы органдарының қызметкерлері қабылданады.
6. Академияның докторантурасына «магистр» академиялық дәрежесі және қаржы полициясы органдарында үш жылдан кем емес қызмет өтілі бар қаржы полициясы органдарының қызметкерлері қабылданады.
7. Үміткерлерді магистратураға және докторантурасына оқуға іріктеу үшін қаржы полициясы органдарында іріктеу комиссиясы құрылады.
Полная версия
ИС BestProfi