Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі № 226-V Қылмыстық кодексi
Құжат мәтініндегі «ақпараттық-коммуникациялық желілерді», «ақпараттық-коммуникациялық желі», «ақпараттық-коммуникациялық желіге», «ақпараттық-коммуникациялық желінің», «ақпарат­тық-коммуникациялық желімен», «ақпараттық-коммуни­кациялық желіде», «ақпараттық-коммуникациялық желілер» сөздері «телекоммуникациялар желілерін», «телекоммуникациялар желісі», «телекоммуникациялар желісіне», «телекоммуникациялар желісінің», «телекоммуникациялар желісімен», «телекоммуникациялар желісінде», «телекоммуникациялар желілері» сөздерімен; «Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарға», «ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарға», «ұлттық электрондық ақпараттық ресурстардан» және «ұлттық ақпараттық жүйеге», «ұлттық ақпараттық жүйеден» сөздері «Мемле­кеттік электрондық ақпараттық ресурстарға», «мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарға», «мемлекеттік элек­трондық ақпараттық ресурстардан» және «мемлекеттік орган­дардың ақпараттық жүйелеріне», «мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен» сөздерімен ауыстырылды ҚР 24.11.2015 жылғы № 419-V Заңы бойынша (18.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
Құжат мәтініндегі «АИТВ/ЖИТС» сөздері «АИТВ» сөздерімен ауыстырылды ҚР 28.12.2018 жылғы № 208-VІ Заңына сәйкес (27.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Құжат мәтініндегі «қоршаған ортаға ірі», «қоршаған ортаға аса ірі», «қоршаған ортаға айтарлықтай», «Қоршаған ортаға ірі» және «Қоршаған ортаға аса ірі» деген сөздер тиісінше «ірі экологиялық», «аса ірі экологиялық», «айтарлықтай экологиялық», «Ірі экологиялық» және «Аса ірі экологиялық» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (30.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 02.01.2025 жылғы № 150-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 16.09.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы Қазақстан Республикасының осы Қылмыстық кодексiнен тұрады. Қылмыстық жауаптылықты көздейтiн өзге заңдар осы Кодекске енгiзілгеннен кейiн ғана қолданылуға жатады.
2. Осы Кодекс Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына негiзделедi. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заңдық күші бар және Республиканың барлық аумағында тікелей қолданылады. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасы Конституциясының нормалары арасында қайшылықтар болған жағдайда Конституцияның ережелері қолданылады. Осы Кодекстің конституциялық емес деп танылған, оның ішінде адамның және азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін нормалары заңдық күшін жояды және қолданылуға жатпайды. Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты мен Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары Қазақстан Республикасы қылмыстық заңнамасының құрамдас бөлігі болып табылады.
1-бөлік өзгертілді ҚР 05.11.2022 жылғы № 157-VII Заңымен (12.07.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Кодекс алдында басымдыққа ие болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республиканың заңнамасында айқындалады.
3-бөлік жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.12.2018 жылғы № 205-VІ Заңына сәйкес (12.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 15.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Осы Кодекске өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу мынадай:
1-бап 4-бөлікпен толықтырылды ҚР 16.07.2025 жылғы № 210-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 16.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілетін өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға байланысты;
2) қылмыстық жауаптылықты болғызбайтын;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленетін заң жобаларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу көзделмейтін заңмен жүзеге асырылады.
1. Осы Кодекстiң мiндеттерi: адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, меншiктi, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қоғамға қауіпті қолсұғушылықтан қорғау, бейбiтшiлiк пен адамзат қауiпсiздiгiн сақтау, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады.
2. Бұл мiндеттердi жүзеге асыру үшiн осы Кодексте қылмыстық жауаптылық негізі белгiленеді, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшiн қандай қауiптi іс-әрекеттердің қылмыстық құқық бұзушылықтар, яғни қылмыстар немесе қылмыстық теріс қылықтар болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшiн жазалар мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары белгiленедi.
2-бөлік өзгертілді ҚР 16.07.2025 жылғы № 210-VIII Заңымен (30.06.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-бап. Осы Кодексте қамтылған кейбір ұғымдарды түсіндіру
Осы Кодексте қамтылған ұғымдардың, егер заңда ерекше нұсқаулар болмаса, мынадай мағыналары бар:
1) адамды қанау – кінәлі адамның мәжбүрлi еңбекті, басқа адамның жезөкшелiкпен айналысуын немесе ол көрсететiн сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді пайдалануы, адамды қайыршылықпен айналысуға, құқыққа қайшы қызмет жасауға мәжбүрлеуі немесе кiнәлi адамның адамға қатысты меншiк иесiнің кейбір немесе барлық өкiлеттiгiн жүзеге асыруына байланысты өзге де әрекеттер.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.07.2024 жылғы № 111-VIII Заңына сәйкес (19.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ескертпелер. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кінәлі адамның мәжбүрлі еңбекті пайдалануы деп адам оны орындау үшiн өз қызметтерiн ерiктi түрде ұсынбаған, осы адамнан күш қолдану немесе оны қолдану қатерін төндіру не қандай да бір жаза қолдану қатерін төндіру арқылы талап етiлетiн кез келген жұмыс немесе қызмет түсініледі.
Басқа адамның жезөкшелікпен айналысуын немесе ол көрсететін сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді кінәлі адамның пайдалануы деп кінәлі адамның алынған табыстарды немесе оның бөлігін иемденіп алу мақсатында, сол сияқты осы мақсатты көздемей, адамды жезөкшелікпен айналысуға немесе сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсетуге мәжбүрлеуі түсініледі.
Полная версия
ИС BestProfi