Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.04.2015
"Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1551 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № 704 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.04.2015 жылғы № 238 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1551 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 81, 1060-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы»;
«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 26 маусымдағы
№ 704 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1551 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң миссиясы мен пайымы
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң миссиясы – мәдениет саласында сапалы және қолжетiмдi қызметтер көрсетуге, мемлекеттiк және басқа тiлдердiң қарқынды дамуына, ел бiрлiгiнiң нығаюына, мемлекет пен азаматтық сектор әрiптестiгiнiң тиiмдi жүйесiн қолдауға бағытталған мемлекеттiк саясатты әзiрлеу және тиiмдi iске асыру.
Пайымы – ел бiрлiгiнiң мызғымас қағидаттары, азаматтық бастамаларды iске асырудың тиiмдi тетiктерi бар, жалпыұлттық мәдени және тiлдiк орта.
2. Ағымдағы ахуалды және қызметтiң тиiстi салаларындағы (аяларындағы) даму үрдiстерiн талдау
1-стратегиялық бағыт. Мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру
1. Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негiзгi параметрлері.
Сала инфрақұрылымының жай-күйі. Қазақстандағы мемлекеттік мәдениет және өнер мекемелерiнiң жүйесінде 38 республикалық (10 театр, 7 концерттік ұйым, 3 кітапхана, 5 мұражай, 9 тарихи-мәдени қорық-мұражай, 1 кинокомпания, 3 өзге ұйым) және 8 мыңға жуық облыстық мәдениет ұйымдары (219 мұражай, 4 149 кітапхана, 2 960 клуб, 53 театр, 41 концерттік ұйым, 21 кинотеатр, 152 киноқондырғы, 6 хайуанаттар бағы, 5 цирк, 55 мәдениет және демалыс саябағы) қызмет етеді.
Полная версия
ИС BestProfi