Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.04.2015
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1551 қаулысы
Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.06.2014 жылғы № 704 Қаулысымен (31.12.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.04.2015 жылғы № 238 Қаулысына сәйкес
Редакция 26.06.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.06.2014 жылғы № 704 Қаулысымен (31.12.2013 ж. редакцияны қараңыз)
2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі    С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1551 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Стратегиялық жоспар өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.06.2014 жылғы № 704 Қаулысымен (31.12.2013 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң миссиясы мен пайымы
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң миссиясы – мәдениет саласында сапалы және қолжетiмдi қызметтер көрсетуге, мемлекеттiк және басқа тiлдердiң қарқынды дамуына, ел бiрлiгiнiң нығаюына, мемлекет пен азаматтық сектор әрiптестiгiнiң тиiмдi жүйесiн қолдауға бағытталған мемлекеттiк саясатты әзiрлеу және тиiмдi iске асыру.
Пайымы – ел бiрлiгiнiң мызғымас қағидаттары, азаматтық бастамаларды iске асырудың тиiмдi тетiктерi бар, жалпыұлттық мәдени және тiлдiк орта.
2. Ағымдағы ахуалды және қызметтiң тиiстi салаларындағы (аяларындағы) даму үрдiстерiн талдау
1-стратегиялық бағыт. Мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру
1. Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негiзгi параметрлері.
Сала инфрақұрылымының жай-күйі. Қазақстандағы мемлекеттік мәдениет және өнер мекемелерiнiң жүйесінде 38 республикалық (10 театр, 7 концерттік ұйым, 3 кітапхана, 5 мұражай, 9 тарихи-мәдени қорық-мұражай, 1 кинокомпания, 3 өзге ұйым) және 8 мыңға жуық облыстық мәдениет ұйымдары (219 мұражай, 4 149 кітапхана, 2 960 клуб, 53 театр, 41 концерттік ұйым, 21 кинотеатр, 152 киноқондырғы, 6 хайуанаттар бағы, 5 цирк, 55 мәдениет және демалыс саябағы) қызмет етеді.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша соңғы оң жылда мұражайлар мен кинотеатрлар (кинозалдардың) саны 45 %-ға, ал театрлар мен кітапханалардың саны 20 %-ға ұлғайған.
Мәдениет өнімдеріне деген сұраныс туралы мынадай келушілер санының көрсеткіштері байқатады: он жыл ішінде театрға келушілердің саны 35 %-ға артты, кітапханалардың тұрақты оқырмандарының саны 18 %-ға өсті, ал кинотеатрлар көрермендерiнiң саны 5 есеге артты.
2012 жылы 12 205 спектакль қойылып, 6 800 концерт ұйымдастырылды, республикалық мұражайларда 113 көрме, 357 дәріс және 14 353 экскурсия өткізілді. Кітапханаларда 500-ден астам іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді.
Елімізде өзінің сәулеті бойынша бірегей болып табылатын «Қазақстан» орталық концерт залы, Орталық Азиядағы ең ауқымды «Астана-Опера» опера және балет театры ашылды. Еліміздің мәдени мұрасының маңызды құндылықтарын жинақтайтын және мыңжылдық ұлттық тарихымыздың ұлылығын көрсететін орынға айналуға тиісті Қазақ ұлттық мұражайының құрылысы жүріп жатыр.
Заңнамалық базаны жетiлдiру. 2010 жылы «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Қабылданған түзетулер отандық киноматография, мұражай және кітапхана iсi саласындағы мәселелерді реттеуге бағытталған. Атап айтқанда, киноөнiмдердi индексациялау және прокаттық куәліктер беру тетігі енгiзiлдi, ұлттық киноның критерийлері айқындалды, кітапханалық қорды қалыптастыру нормалары нақтыланды, жергiлiктi атқарушы органдар құзыретіне облыстық, аудандық не республикалық маңызы бар қалалық бір кітапханаға «Орталық» мәртебесін беру функциясы қосылды. 2011 жылы «Материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы» және «Мәдени құндылықтарды заңсыз әкелуге, әкетуге және оларға меншік құқығын беруге тыйым салу мен олардың алдын алуға бағытталған шаралар туралы» конвенциялар ратификацияланды.
Полная версия
ИС BestProfi