Близость слов: Окончание:





«Азаматтық және қызметтік қару және оның патрондарының айналымы, жарылғыш заттарды сатып алуға, сақтауға, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтауға, және а тыс тирлерін (атыс орындары) мен стенділерін ашу және олардың жұмыс істеуіне рұқсат беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Азаматтық және қызметтік қару және оның патрондарының айналымы, жарылғыш заттарды сатып алуға, сақтауға, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтауға, және атыс тирлерін (атыс орындары) мен стенділерін ашу және олардың жұмыс істеуіне рұқсат беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы  
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) «Жеке және заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару және оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
2) «Азаматтық және қызметтік қару және оның патрондарын Қазақстан Республикасына әкелуге, Қазақстан Республикасы аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасы аумағы арқылы транзитіне қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) «Жеке және заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару және оның патрондарын сатып алуға, сақтау және алып жүруге, тасымалдауға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
4) «Заңды тұлғаларға жарылғыш заттарды сатып алуға, сақтауға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
5) «Заңды тұлғаларға азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтауға» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
6) «Заңды тұлғаларға атыс тирлерін (атыс орындары) мен стенділерін ашу және олардың жұмыс істеуіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 190 қаулысының 1-тармағының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
  Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов                             
«Жеке және заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Жеке және заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Полная версия
ИС BestProfi